ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Абай мен Шәкәрім оқулары» X дәстүрлі қалалық оқуларының қорытындысы туралы
26-03-2009 18:00

Қазақтың ұлы ойшыл ақыны - Абай мен Шәкәрім шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу оқудың негізігі мақсаты болды.

Қалалық деңгейде өткен оқуға қала мектептерінің көпшілігі қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен мектептер: № 1, 2, 4, 7, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 19, 20, 21, 22, 24, 25, 26, 33, 35, 38, 39, 40, 41, 42 ( 24 мектептен 77 оқушы қатысты).

Мына мектептер салғырттық танытып мүлдем қатыспады: 6, 9, 15, 18, 23, 27, 28, 29, 31, 32, 34, 36, 43, Стикс

Оқу үш номинациядан өтті:

«Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу номинациясынан

Бас жүлдеге № 38 ЖОМ, 8 қазақ сынып оқушысы Марат Ақбөпе ие болды;

І орынға – № 26 ЖОМ, 7 қазақ сыныбы оқушысы Хамзина Шара иеленді;

ІІ орындарды – № 35 ЖОМ, 6 қазақ сыныбы оқушысы Роман Ұлмекен және № 33 ЖОМ , 7 қазақ сыныбы оқушысы Теміржанов Нұрғиса алды.

ІІІ орындарды - № 19 ЖОМ, 8 қазақ сыныбы оқушысы Ақсақова Құралай және № 22 ЖОМ, 8 қазақ сыныбы оқушысы Ураз Дияс пен № 7 ЖОМ, 5 орыс сыныбы оқушысы Ысқақова Сабина қол жеткізді.

Ынталандыру грамотасына мына мектептер оқушылары ие болды: 1, 4, 12, 13, 17, 21, 25, 38, 40.

«Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындар шығармашылығы номинациясынан

Бас жүлдеге № 12 ЖОМ, 6 қазақ сынып оқушысы Ақатов Әсет ие болды;

І орынға – № 12 ЖОМ, 6 қазақ сыныбы оқушысы Тұрсынов Абылайхан иеленді;

ІІ орындарды – № 2 ЖОМ, 5 қазақ сыныбы оқушысы Өсербай Сағынған және № 25 ЖОМ, 9 қазақ сыныбы оқушысы Мадина Айымгүл алды.

ІІІ орындарды - № 2 ЖОМ, 7 қазақ сыныбы оқушысы Бекқожина Жанар және № 25 ЖОМ, 9 қазақ сыныбы оқушысы Бабаева Әсел мен № 19 ЖОМ, 8 қазақ сынып оқушысы Егізек Бақболат қол жеткізді.

«Көңiлiм әндi ұғады» әндер орындау номинациясынан

Бас жүлдеге КОМ, 7 қазақ сынып оқушысы Жанарбек Жанкелді ие болды;

І орынға – № 21 ЖОМ, 9 қазақ сыныбы оқушысы Шайхова Айнагүл иеленді;

ІІ орындарды – № 42 ЖОМ, 9 орыс сыныбы оқушысы Курочкин Николай және Ұлттық жаңғыру мектебі оқушысы Кабдрашитова Жанерке алды.

ІІІ орындарды - № 25 ЖОМ, 5 қазақ сыныбы оқушылары: Кужанбаева Әсемгүл, Қантаева Меруерт, Жүсіпова Жұлдыз және № 20 лицей –мектебінің орыс сыныбы оқушысы Ахметова Райхан мен № 24 ЖОМ, 5 сынып оқушысы Әубәкіров Қайыржан қол жеткізді.

Облыс көлемінде өткізілетін «Абай мен Шәкәрім оқуларына» қатысу жолдамасын «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқуға № 38 ЖОМ, 8 қазақ сынып оқушысы Марат Ақбөпе және «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындар шығармашылығына № 12 ЖОМ, 6 қазақ сынып оқушысы Ақатов Әсет, сонымен қатар «Көңiлiм әндi ұғады» әндер орындауға КОМ, 7 қазақ сынып оқушысы Жанарбек Жанкелді алды.