ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ОНЫНШЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАРАФОН – 2015
07-09-2015 03:39
ОНЫНШЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАРАФОН – 2015

2015 жылғы 27-28 тамыз күндері «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбы бойынша оныншы қалалық педагогикалық марафоны өтті. Марафон ИнЕУ және №№ 2,16, 39 мектеп, №№ 16, 22, 43, 45, 46 , 51, 116, 126 сәбилер бақшасы базаларында өткізілді .Өткізу барысында директорлар, директор орынбасарлары, әдіскерлер, мектеп, балабақша ұстаздары үшін 32-ден астам шебер сағаттары, басқару сұрақтары бойынша отырыстары ұйымдастырылып, шығармашылықпен жұмыс істейтін қала мұғалімдері инновациялық тәжірибелерімен бөлісті.

67 инновациялық алаңда 186 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, 73 орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері, 92шет тілі мұғалімдері, 28 өзін-өзі тану мұғалімдері, 44 тарих мұғалімдері, 154 математика, физика, информатика мұғалімдері, 62 технология, бейнелеу өнері, сызу және музыка мұғалімдері, 105 химия, биология, география мұғалімдері, 323 бастауыш сынып мұғалімдері, 85 денешынықтыру мен АӘД мұғалімдері, 190 қосымша тәрбие және білім беру қызметкерлері, 401 мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері,60 облыс және қала директорлары, 62 облыс және қада директор орынбасарлары.

Марафон жұмысында 3000 астам педагогтер мен 500 астам мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері қатысты. 330 баяндама тыңдалып, талқыланды (2014 жылмен салыстырғанда 22% артты). ОТҮ технологизацияландыру, мазмұнынын жаңартылуы, білім беру сапасын басқару сұрақтары бойынша 136 ең үздік атанып, білім беру бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.

Білім беру бөлімінің мадақтамаларымен «Сабақтағы интербелсенді тақта» облыстық интернет – фестивалінің қорытындысы бойынша 12 мұғалім марапатталды. Сонымен қатар 15 мектеп директор орынбасарлары, 58қалалық шығармашылық топ жетекшілері, әдістемелік бірлестік жетекшілері, 6 мектеп директоры жоғары кәсібилігі мен шығармашылығы және қалалық әдістемелік қызметпен бірлесе атқарған жұмысы үшін мадақтамалармен марапатталды.

Инновациялық тәжірибесін жалпыламау бойынша 44 мұғалімге, мектеп басшыларына және 38 мектеп және қалалық деңгейдегі жаттықтырушыларға сертификат берілді.

Секция жұмыстарында Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кабинет меңгерушілері, Инновациялық Еуразия Университетінің профессор-оқытушылары, педагогикалық шеберлік республикалық орталығы филиалының жаттықтырушылары, мектеп директор орынбасарлары, әдіскерлер және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер модераторлар болды.

Секция модераторлары мұғалімдердің ең үздік баяндамаларын «ИнЕУ жаршысында» басылып шығуын ұсынды.

Оныншы педагогикалық марафон жұмысына белсенді қатысқаны үшін барлық мұғалімдерді, мектеп директорларын, секция жетекшілерін, ИнЕУ ректоратына алғыс білдіреміз.

Жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!

Ш.С.Нұрахметова, Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі