ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2015 ЖЫЛҒЫ 10 ҚЫРКҮЙЕКТЕ «КАЗТРАНСОЙЛ» АҚ-НЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПТЫ БИЗНЕСТІК ЖОСПАРЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН № 54 СӘБИЛЕР-БАҚШАСЫ АШЫЛДЫ. БАЛАБАҚШАДА 14 ТОП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ.МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫНА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛЫНҒАН.
14-09-2015 03:21
2015 ЖЫЛҒЫ 10 ҚЫРКҮЙЕКТЕ «КАЗТРАНСОЙЛ» АҚ-НЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПТЫ БИЗНЕСТІК ЖОСПАРЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН № 54 СӘБИЛЕР-БАҚШАСЫ АШЫЛДЫ. БАЛАБАҚШАДА 14 ТОП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ.МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫНА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛЫНҒАН.

Балабақшаның салтанатты түрде ашылу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Қайыргелді Қабылдин қатысып, сәбилерге жасалған жағдайлармен танысты.

– Бұл Павлодар өңіріндегі мемлекеттік жеке меншік серіктестігі бойынша тұрғызылған үшінші балабақша. Қазіргі уақытта облыста 38 мыңнан астам бала тәрбиеленетін 162 балабақша, 268 шағын орталық бар. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен 72% қамтылған, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар толық балабақша орындарымен қамтамасыз етілген,- деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Білім беру органдары өкілдерінің айтулары бойынша, жаңа балабақшалардың арқасында балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету жақсара түседі. Сонымен қатар, 80 жаңа жұмыс орны құрылғанын атап өту қажет.

Балабақшада музыка және спорт залдары, медициналық блок, логопед, психолог, өзін-өзі тану, қазақ және ағылшын тілдері кабинеттері бар. Балабақша ауласы көріктендірілген және қоршалған.