ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
22-09-2015 10:30
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Математика, физика және информатика мұғалімдерінің

III республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты- математика, физика және информатика мұғалімдерінің кәсіби шеберлігінің артуына ықпал ету.

Бұл жылы конкурс бир турдан өтті (есептер шығару). Қатысушылардың жасы мен құрамы есептелінбеді. Конкурсқа колледж оқытушылары, дарынды балаларға арналған мамандандырылған және жалпы білім беру мектептерінің ұстаздары қатысты.

Жалпы 89 ұстаз қатысты: 33 математика, 33 физика, 23 информатика мұғалімдері. Информатика мұғалімдері аталмыш конкурсқа алғаш рет қатысты.

Информатикадан І орынды Павлодар қаласының № 34 мектебінің мұғалімі Илья Олегович Поляков иеленді.

Илья Олеговичтің кәсібилігі мен біліктілігін атап өткен жөн. Облыстық, қалалық кәсіби конкурстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды: 2012 жылы – қалалық, 2013 жылы – облыстық пән олимпиадаларының жеңімпазы, осы жылы «Жыл мұғалімі» қалалық конкурсының , 2014 жылы –облыстық конкурсының Бас жүлдегері.

Илья Олегович әрбір оқушының, ата-ананың, мектептің арманы. Осындай талантты мұғалімдерді мақтан тұтамыз!

Шығармашылық табыс пен жеңіс тілейміз!!!

Ш.С.Нұрахметова

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.