ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІРІНШІ ФОРУМЫ
28-09-2015 03:50
«МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІРІНШІ ФОРУМЫ

Мұғалімдер күні мерекесіне орай, алғашқы рет «Менің алғашқы ұстазым» республикалық акциясы шеңберіндегі бастауыш сынып мұғалімдерінің бірінші форумы өтті.

Форумның тұсауын кескендер білім беру басқармасы басшысының орынбасары Т.Н.Иванова, «Өрлеу» БАҰОП АҚ Павлодар филиалының директоры Б.Ч.Жалмағамбетова.

«Алғашқы ұстазым мен оның жеке тұлға қалыптасуындағы ролі» тақырыбы бойынша Павлодар облысының әйгілі адамдарымен сұхбаттасу жүргізіліп, форум қатысушыларына бейнеролик көрсетілді.

Павлодар қаласының бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық тәжірибелерінің презентациялары ұсынылды: «Табысқа жету үшін менің формулам»: «Оқушының жеке тұлға қалыптасуындағы бастауыш сыныптағы жаңа білімдену стандартының мүмкіндіктері» (Б.А.Канапина, № 39ЖОМ директор орынбасары), «Ұстаз табысының жолдары » (С.В. Лазарева, № 9 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі), «Жүрегім мен жан дүниемді мамандығыма беремін» (З.К.Мұсабаева, № 24 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі). Бұл мұғалімдерге облыс деңгейіндегі инновациялық педагогикалық тәжірибесін жалпылау сертификаттары берілді.

№41 ЖОМ мұғалімі – Л.П. Косованың, №9 ЖОМ мұғалімдері – Е.Ф. Белоусова және С.М. Рыбактың, №24 ЖОМ мұғалімі – О.Шлейнинаның, № 16 лицей-мектебінің мұғалімі – Ж.Ж. Жақсылыкованың әдістемелік-дидактикалық құралдар көрмесі қатысушылардың өз жұмысында бұл мүғалімдердің тәжірибесін қолдануға құштарлығын оятты.

Педагогикалық еңбек ардагері Г.И.Шунько Павлодар облысы мен Павлодар қаласының бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап, сөз сөйледі.

Павлодар облысы басқармасының грамоталарымен марапатталған мұғалімдер: педагогикалық еңбек ардагері – Г.И.Шунько, № 9 ЖОМ директор орынбасары – В.М.Шлейхер, № 9 ЖОМ мұғалімі – С.В. Лазарева, № 16 лицей мектебінің мұғалімі – Ж.Ж. Жақсылықова, № 24 ЖОМ мұғалімі -З.Ж. Мұсабаева З.Ж., № 39 ЖОМ директор орынбасары – Б.А.Канапина.

Қатысушылардың алдында № 24 жалпы орта мектебінің 1- сынып оқушылары мен музыкалық колледж студенттері өнерлерін көрсетті.

Форум жылы және мерекелі атмосферада өтті.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық еңбектеріне шабыт пен жеңіс тілейміз!

Әдістемелік кабинет меңгерушісі

Ш.С.Нұрахметова