ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қосымша білім беру педагогтарының облыстық семинары
06-11-2015 08:21
Қосымша білім беру педагогтарының облыстық семинары

№2 балалар музыка мектебінде Қазақстан халықтары Ассамблеясінің 20-жылдығына арналған «Отаным Қазақстаным», IV қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі өткізілді. Фестиваль қалалық білім беру бөлімі және №2 БММ ұйымдастырылды. Оған түрлі өнер жанрындағы 8-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысты. Бұл жылы фестиваль аясында 4 қарашада БММ және БӨМ қосымша білім беру педагогтарының облыстық семинары өтті, семинардың тақырыбы «Халық және классикалық музыка негізінде балаларға музыкалық мәдениетті қалыптастыру».
Біздің мектептің педагогтары жоғары кәсіби деңгейдегі өздерінің баяндамалары мен ашық сабақтарын ұсынды.
Фотрепиано сыныбы бойынша педагог Анна Валерьевна Шубладземен «Фортепианода оқытудың бастапқы кезеңінде ойнаудағы техникалық дағдыларды тәрбиелеу» тақырыбына 2 сынып оқушысы Дюсимбинова Аружанмен ашық сабақ берілді. Ксения Владимировна Миронец – хор және вокал сыныбы бойынша педагог «Концерт және конкурстық орындаушылықтың тәжірбиесі. Қатысу формасының түрлілігі» тақырыбындағы баяндамасымен шықты. Хор ұжымының суреттері және бейне түсірілімдегі орындаушылықтары көрсетілді.
Эльвира Геннадьевна Кощук «Басты музыкалық компетенция тәсілдерін қалыптастыру. Тоналдықтағы белгілер» баяндамасымен шығып, қызықты өңдеулер мен шығармашылық идеяларды ұсынды.
5 қарашада келесі бағыттағы шаралар өткізіледі: музыкалық өнер, сахналық өнер, декоративтік-қол өнері, сурет салу өнері, аралас жанрлар.
Біздің мектептің оқушылары Новосельцев Роман фестивальда Д.Браунның «I Feel Good» әні және Келден Алиханмен қосылып Алексей Рыжовтың «Аспан» әнін орындайды, педагогы Бахмат Светлана Анатольевна. Біз өз балаларымызға шығармашылық жеңіс тілейміз