ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ағылшын мұғалімдеріне арналған 2 күндік семинар- практикум
17-11-2015 06:07
Ағылшын мұғалімдеріне арналған 2 күндік семинар- практикум

Қазіргі кезде мектептердің әдістемелік жұмысында дәстүрлі форманы қолдану жеткіліксіз. Себебі, бүгінгі таңда ақпарат қарқын дамуда. Ал , дәстүрлі жүйе бұл қарқындылыққа үлесе алмайды. Сол себептен де білімінің жаңа модельіне көшу үшін әдістемелік жұмыс жүйесін жетілдіру қажеті туындап отыр.

Өз білімін жетілдірмейтін мұғалім ешқашан қоғамға ілесе алмайды, қоғамда өз орын таба алмайды, шығармашыл тұлғаны тәрбиеле алмайды.

Бүгінгі мұғалім қалай және неге үйретеді?

Барлығымыз « Неше тіл білсең, сонша рет сен тұлғасың» деген мақалды жақсы білеміз. Шетел тілін білу тек практикада тілді жақсы меңгеру ғана емес, сонымен ол үлкен интеллектуалды әлеует.

Тілдік қоғам жоқ жерде ағылшын тілін меңгеру және сөйлеу келесі дидактикалық принциптер арқылы іске асады: сабақ материалының минимизациясы, жүйелілік, жан-жақтылық, қол жетімдік және әр тұлғаға бағытталған болу қажет.

Сабақтың формасы лексикалық бірліктерді көп меңгертуге бағытталуға емес, ең алдымен пәнге деген қызығушылықты, өз ойын жеткізуге, коммуникативтік бағытты қалыптастыру қажет.

№ 19 және СТИКС мектептерінде ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған

2 күндік семинар –практикум өтті. Ол семинар Алматы және Астана қалаларының « MACMILLAN» орталығының өкілдері Баймолдаева Ж.

( Қазақстанның солтүстік қалалары бойынша Macmillaneducation баспасының, орталығының ресми өкілі, әдіскері), Исина Л. (Langberry тіл мектебінің директоры), Хусаинов Д.Ж ( менеджер) қатысуымен өтті..

Бұл семинарға қаланың және облыстың 100- ден аса ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.

Бірінші күні осы баспаның кітаптарымен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін СТИКС мектебінде сабақ болды.

Семинар барысында № 19 тіл мектептерінің оқытушылары тілді үйретудегі жаңа әдістерді яғни, сюжетті-рөлдік ойындар, диалогтік оқыту, АҚТ-ны қолдану технологиясы және ағылшын сабағында интернет ресурстарын қолдану жайында мастер-класс өткізді.Тіл мектебінің оқытушылары көрме ұйымдастырды. Бұл көрмеде: әдістемелік құралдар, кітаптар,электронды дискілер қойылды. Ағылшын тілі сабағын интернетпен қашықтықта оқыту кабинеттеріне экскурсия жасалып және « MACMILLAN» орталығы күнпарақтық жоспарлар, дайын әдістемелік көмекті қай сайттардан алу керек жөнінде мәлімет берілді. Семинарға қатысушылардың арасында ұтыс ойыны өткізілді. Жүлдеге : кітаптар, әдістемелік оқу құралдары, жұмыс дәптерлері қойылды. Баспахана № 19 мектептің 9 сыныпқа әдістемелік оқу құралы мен оқулықтар жиынтығын сыйға берді.

Семинарға қатысушылар семинардың ұйымдастырушыларына семинардан алған білімдері мен әдістемелік көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Ш.С. Нұрахметова,

Павлодар қаласының

білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі