ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» семинар
20-11-2015 06:16

2015 жылғы 17 қараша күні қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Павлодар қаласының ІІБ Солтүстік полиция бөлімінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбы бойынша бірлескен семинар өтті. Семинарға қалалық білім бөлімінің маманы Рустемова Р.А., Павлодар қаласындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық комиссиясының маманы Нукина К.С., Павлодар қаласының ІІБ Солтүстік полиция бөлімі аға инспекторының міндетін атқарушы полиция капитаны Тургульдинов Ж.А., № 2, 6, 12, 16, 18, 23, 28, 30, 31, 32, 33, 35, 38, 40 мектептердің директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасарлары мен мектеп инспекторлары қатысты.
Семинар ашық әңгіме түрінде ұйымдастырылды, оның барысында Солтүстік полиция бөлімі аумағындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың жағдайы талқыланды, құқық бұзушылықты болдырмау жолдары, мектептер мен мектеп инспекторлары арасындағы өзара бірлескен жұмыс мәселелері қарастырылды. Семинар қорытыныдысында ата-аналар мен оқушылар арасында құқықтық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында тақырыптық шаралар ұйымдастыру ұсынылды.