ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«МЕКТЕПТІҢ 12 СӘТІ» ФЕСТИВАЛІ
10-12-2015 09:08
«МЕКТЕПТІҢ 12 СӘТІ» ФЕСТИВАЛІ

2015 жылғы 8-желтоқсанда Павлодар қаласының №42 жалпы білім беру мектебінде «Мектептің 12 сәті» дәстүрлі қалалық фестивалі VII кезеңінің қорытындысы жасалды. Биылғы жылы фестиваль «В слове Мы сто тысяч Я» номинациясында өтіп, №42 мектептің математика мұғалімі, барлық ғұмырын өсіп келе жатқан буынды тәрбиелеуге арнаған Фарида Хайруллақызы Сатпаеваға арналды. Фарида Хайруллақызы көп жыл бойы қала мектептерінің директор орынбасары болып жұмыс істеді. Фарида Хайруллақызы педагогикалық қызмет жылдары барысында ҚСРО Білім министрлігінің грамоталарымен, ҚР Білім министрлігі грамоталарымен марапатталды, «ҚР Білім беру үздігі» жоғары бағасына қол жеткізді.
Аумақты мектеп фестивалі 2015 жылғы мамыр айында бастау алды. Мектеп өмірінің әр түрлі бағыты бойынша 12 байқау кезеңі «сәттен» тұратын, 12 кезеңді қамтитын, ұзақ уақытқа созылатын фестиваль оқу жылы бойы өтеді. Фестиваль жаппай болып табылады – мұнда бірнеше мың оқушы, мыңнан аса мұғалім қатысады. Қалалық фестивальдің әрбір «сәті» өмірден өткен, қаламыздың білім беру бөлім жүйесін дамытуға маңызды үлес қосқан 12 еңбек сіңірген мұғалімнің есіміне арналады. Сондай-ақ, фестивальде қатысушы мектептерде оқитын оқушылардың ұлттары таныстырылды ( № 6, 9, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 26, 28, 29, 33, 34, 38, 39, 41, 42).