ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептерде «Қамқорлық» акциясы жалғасуда
30-01-2017 10:56
Мектептерде «Қамқорлық» акциясы жалғасуда

2017 жылғы 11 қаңтар мен 11 ақпан аралығындареспубликалық акция аясындаПавлодар қаласының жалпы орта білім беру мепктептерінде «Қамқорлық» акциясы өткізіледі.  

Мақсаты - күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша (киімінің, аяқ киімінің мектептік керек-жарақтарының жоқ болуысабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу 

Акция басталғалы бері әлеуметтік-қорғалмаған отбасылардан шыққан 444 оқушыға демеушілерден, 884 оқушыға - жалпы оқыту қорынан кеңсе тауарлары, киім-кешек, аяқ киімдер ретіндекөмек көрсетілді. Ата-аналар, мұғалімдер, жеке кәсіпкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындардемеушілер ретінде көмек берді. Мектептерде киім-кешек жинақталды, қолдан жасалған бұйымдар қайрымдылық  жәрменкесі, концерттер өткізіледі, макулатура жиналады, осы шаралардан түскен қаражат көмекті қажет ететін балаларға беріледі. 

«Қамқорлық» акция аясында қайырымдылық көмек көрсету үшін кәсіпорындар, мемлекеттік құрылымдар мен демеушілерді тарту жұмысы жүргізіліп жатыр. 

Егер сіз әлеуметтік себептер бойынша (киімінің, аяқ киімінің мектептік керек-жарақтарының жоқ болуы) балалардың сабақтарға келмеуінің, қараусыз және қорғансыз жүргеннің куәгері болсаңыз, дереу Павлодар қаласының білім беру бөлімінің тәрбиелік секторына мына телефон бойынша хабарласыңыз: 32-77-80.