Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көркемөнер мектебі
31-01-2017 12:34
Көркемөнер мектебі

Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің 25-жылдық мерейтой салтанатына мектептің ұстаздары, оқушылары және қызметкерлері жиналды. Мереке кезінде мектептің тарихы туралы, ұстаздары, оқушыларының жетістіктері туралы бейнефильм ұсынылып, «Шығармашылық калейдоскоп» атты оқушылардың өткенді шолу көрмесі таныстырылды. Көрмеге мектеп қорының өткен жылдардағы ең үздік деп танылған жұмыстар ұсынылды.

№ 2 Балалар көркемсурет мектебі 1992 жылы индустриялы ауданның аула клубының шеңберінде ашылды. Мектепке өте дарынды және тәжірибелі ұстаз – Наталья Васильевна Герусова басшылық етеді.

Осы уақыт ішінде мектебіміз 300 артық оқушыларды шығарды. 3000 аса оқушылар Ресей, Белоруссия, Польша, Чехословакия, Жапония, Қытай, Литва және басқа да елдердің халықаралық байқауларында жеңімпаздар атанды, 4000 артық оқушылар – республикалық, ал 2500 аса оқушылар облыстық және қалалық байқаулардың жеңімпаздары атанды. Қазіргі таңда 4- 16 жас аралығында 300 оқушы оқиды.

Мектептің көптеген түлектері суретші мамандығын таңдады. Мектеп өзінің түлектерін мақтан тұтады. Александра Станиславовна Ловина-Самошкина туған мектебінде оқытушы болып жұмыс жасайды, ол балаларды мүсін, композиция және сәндік-қолданбалы өнерге үйретеді. Басқа түлектер: Елизавета Богданова, Валерия Голобородченко, Анна Вербовая, Ксения Назаренко, Виктория Наприенко, Дарья Гурина, Анна Хо, Дарья Забродина, Белла Базикова, Константин Бакулин, Сергей Гришанов, Димир Достаев, Виктория Таланова, Юлия Мельничук және басқа да мектеп түлектері Қазақстанның, таяу және алыс шетелдердің көркемөнер бағыты бойынша жоғары оқу мекемелеріне оқуға түсті.

Мекеменің педагогикалық ұжымы жоғары еңбекке қабілетті, жаңа шыңдарға ұмытылуымен ерекшеленеді. Раиса Петровна Степанкомектептің жетекші маманы,тәрбиеленушілеріне өрнек пәнінен өзінің өнерін жеткізе біледі. Ал Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Ольга Ивановна Ловина көп уақытын шығармашылыққа бөледі және өзінің шығармашылық әлеуетін оқушыларына бере отырып, олардың еңбеке деген қабілеттері мен шыдамдылықтарын жетілдіреді. Елена Ивановна Юминова тәжірибелі ұстаз – суретші, балалардыөнерді сүюге үйретіп, айналамыздағы әсемдікті көріп қана қоймай, оларды өз жұмыстарында нақтылы түрде көрсете білуге дағдыландырады. Суретші-гарфик, ұстаз Сәуле Бейбітханқызы Пернебаева балалармен жұмыс жасауда тәжірбиесі мол, ол бастауыш, даярлық және нөлдік сыныптарды сәндік-қолданбалы өнерге үйретеді. Оның оқушыларының әртүрлі техникада орындаған жұмыстары үнемі жоғары нәтижелер көрсетуде. Анжела Николаевна Бамбуляк өте дарынды педагог, оқыту сабақтары үшін қызықты әдістер мен амалдарды қолдана отырып, өнерде жоғары нәтижелерге жете біледі. Ал Татьяна Васильевна Ахметжанованың оқушыларының жұмыстары жоғары деңгейлі шеберлікпен ерекшеленеді. Валентина Петровна Степанконың шығармашылыққа деген құмары оның оқушыларын тамсандырады.Педагог қазақ, орыс тілдерінде сабақ жүргізіп, шығармашылықта керемет туындылардың пайда болуына жарқын ойларға бағыттайды. Оқушыларымыз Жанар Ержанқызы Шайкеновның сабақтарына аса бір ғанибетпен қатысады және өмірдің әдемілігін қағазға бояулар арқылы жеткізуді үйренеді. Серікбай Қайроллаұлы Аманжоловтың жігерлілігі мен құлшынысы оқушылардың шығармашылық өсулеріне мүмкіндік береді. Балалар білімді бойларына сіңіріп оларды қағазға көшіру арқылы ақ жарқын жұмыстарды бейнелеуге үйренеді.

«Әрбір буын үшін мектеп өте ерекше орын алады, әйтсе де ол әрдайым туған және сүйікті, өйткені бұл жерде әрқашан әдемілікке жанасудың айырықша атмосферасы орнайды», - атап өтті мектеп директоры.