Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шексіз әлем
01-02-2017 11:46
Шексіз әлем

Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі және ХБМ «Group World Scholar’s Cup» мектеп оқушылары үшін ұйымдастырған ағылшын тілінен «World Scholar’s Cuр» халықарылық олимпиадасына Павлодар қаласы № 37, № 39, № 25, № 9, № 16, № 1 мектеп командалары қатысты. Олимпиада әлемнің 40 елінде өтетін халықаралфқ академиялық жарыс болып саналады. Олимпиаданың символы - альпака. Мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру және тілдік дағдыларын дамыту.

Олимпиаданың негізгі міндеті - оқушылардың білімін тексеріп қана қоймай, оларды топта белсенді жұмыс істеуге және ойларын жеткізе білуге үйрету. Мұнда ағылшын тілін білу ғана емес, сонымен қатар әр салада білімдерін тексеру: әдебиет, өнер, музыка, әлеуметтік ғылым және тарих. Ең маңыздысы қоғамға шыға білу - олимпиада секцияларының бірі пікірталасқа арналған. Қазылар алқасымен әр жарыстың қорытындысы шығарылып, нәтижелері бойынша жеңімпаздардың есімдері анықталды.

Олимпиадада Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары Қарағанды қаласының Назарбаев зияткерлік мектебіоқушыларымен, дарынды ұлдар мен қыздарға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған «Жас дарын» жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің топ оқушыларымен бақ сынасты.  Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан 32 топ,жалпы14 мектептен 150 оқушысы қатысты. 44 кубоктың ішінде 37 кубокты Павлодар қаласының оқушылары алды және әлемдік қорытынды турына жолдама алды. 

Мектептер 6 - 11 сыныптардан құрамында 9  - 12 оқушылары бар 3 - 4 топтан шығарды. № 25 ЖОМ 4 кубок, 83 медаль жеңіп алып, Баймолдинова Аружан, Толепбергенова Дильназ, Амирхан Аружанкіші лига құрамы болыпәлемдік турға жолдама алды. Азнабай Аделия және Қанат Инкар төрешілік пен жарыссөздердегі үздік спикерлер қатарына қосылды. Якупова Жанель, Қанат Инкар, Байзакова Аружан, Шакенов Карим «Таланттар шоуы» қорытынды концертте «Түркімен» күйін орындады.

№ 39 ЖОМ оқушылары 50 медальды иеленді. Ең үздік спикер атанған 11 сынып оқушысы Оразалинов Даниял 8 алтын 2 күміс медальға ие болды.

№ 37 ЖОМ жоғарғы лигатобы 6 алтын, 20 күміс медальға ие болды және әлемдік пікірталас туриниріне жолдама алды.

Жеке және командалық әр түрлі жастағы 4 командалық жарыста № 16 лицей-мектебі ең үздік пікірталас үшін 70 алтын және күміс медальдарды иеленді. Қатысушыларға «альпака» берілді, жарыстың кубогымен марапатталды.  8 сынып оқушысы Мельник София пікірталасқа үздік қатысқаны үшін кубок берілді.