Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық шеберлік
02-02-2017 10:29
Педагогикалық шеберлік

Инновацилық Еуразия университетінде «Педагогикалық тәжірибе - 2017» сайысының қорытынды кезеңі өткізілді. 58 мұғалім, 300 тыңдаушылар қатысты.

Инновациялық тәжірибенің алқалы тыңдалымы 7 секция бойынша келесі бағыттарда жұмыс істеді: физико-математикалық, мәдениеттану, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, бастауыш білім беру, мектепке дейінгі білім беру.

Сараптама комиссия мүшелері құрамына ЖОО ғалымдары, білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері, білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектеп жетекшілері, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер болды.

Жұмыс қорытындысы бойынша бұл тәжірибелер жинақталып қалалық білім беру бөлімінің «Педагогикалық тәжірибе - 2017» банкісіне 53 мұғалімнің жұмысы  енгізілетін болады.

2018 жылы облыстық деңгейде мұғалімдердің жұмыстарын келесі бағыттарда қорғауға ұсынылады: «Филология: қазақ тілі» А. М. Сыздыкова   (№ 16 ЖОМ), Б. М. Кабиденова  (№ 41 ЖОМ), А. К. Абикенова ( № 34 ЖОМ), «Филология:  орыс тілі және шет тілдері» -  Е. Г. Бородина ( № 28 ЖОМ), З. Б. Наскенова (№ 34 ЖОМ), «Орыс тілде оқытылатын бастауыш сыныптары» -  Ю. В. Плетюхина (№ 21ЖОМ),  Э. Г. Дубовская (№ 29 ЖОМ), Л. П. Косова (№ 41 ЖОМ), М. П. Дискант (№ 82 сәбилер бақшасы), А. С.  Калиакбарова (№ 27 сәбилер бақшасы), «Мемлекеттік тілде оқытылатын бастауыш сыныптары» - Г. Т. Рамазанова  (№ 22  ЖОМ), Ж. М. Муслимова ( № 25 ЖОМ),  «Химия, биология, география, музыка»  -  Е. Л. Чайковская (№ 16 ЖОМ),  «Математика, физика, информатика, технология»  - Л. Е. Дроздова  (№28 ЖОМ), Т. С. Муликбаева (№ 20 ЖОМ), Н. А. Балобан (№ 36 ЖОМ), С. К. Камитова (№ 36 ЖОМ), А. О. Асенова (№ 25 ЖОМ), «Педагогика және спорт, тарих, өзін-өзі тану, дене шынықтыру» - Ю. П. Теньковский (№ 4 ЖОМ), Г. К. Смаилова (№ 7 ЖОМ), Л. Ж. Аскарова (№ 13 ЖОМ), Ж. К. Садуова (№ 37 ЖОМ), С. М. Калиева (Кенжекөл ЖОМ), Е. В. Тирешина, Г. С. Шафикова (№ 39 ЖОМ), А. Т. Бейсембаева (№ 36 ЖОМ), Ж. Ж. Касенова (№ 42 ЖОМ).

Инновациялық педагогикалық тәжірибесінің зертханалық қызметі педагогтердің үздіксіз білімін жетілдіру жүйесін, іс-тәжірибелік қызметтерінде педагогика ғылымының жаңа жетістіктерін жаңа сатыға итермелейді.

2016 жылы қараша айында іріктеу кезеңіне қала мектептерінен 83 мұғалімнің жұмысы қарастырылды, солардың ішінде 58 жұмысты қалалық деңгейде, 25 жұмысты  облыс деңгейде қорғауға рұқсат берілді. Облыстық қорғау қорытындысы бойынша 17 мұғалімге тәжірибелерін таратқандары үшін  сертификаттар берілді.  9 жыл ішінде 468 мұғалім қала, облыс, республика деңгейлерінде тәжірибелерін таратты.

Қала, облыс және республика деңгейлерінде тәжірибелері жоғары бағаланған мұғалімдер қаламыздың мақтанышы болып саналады. Республика деңгейінде тәжірибе таратқан мұғалімдер: № 16 мектеп-лицейінің химия пән мұғалімі Ирина Михайловна  Бабич, «Үздік педагог - 2012» республикалық сайысының жеңімпазы, қазіргі кезде НЗМ ғылыми жұмысы бойынша директордың орынбасары болып қызмет етуде. № 39 ЖОМ география пәнінің мұғалімі Ә. К. Жумабаева, мұғалімдерге арналған «Экономикалық  география» оқулықтың, оқушыларға арналған анықтамалықтардың, әдістемелік құралдарың авторы, «Үздік педагог - 2014» сайысының жеңімпазы, 1 858 000 теңге сертификатының иегері.

2016 жылы 7 - 8 желтоқсанда Алматы қ. «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық сайысында № 28 ЖОМ география пәнінің мұғалімі С. Н. Барвих , № 93 бала-бақшаның логопед-мұғалімі С. Л. Ниязова ІІ орын иегерлері, «Өз ісінің шебері» аталымының иегерлері № 28 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері Е. Н. Асютина, О. В. Анушкина. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық сайысының жеңімпазы - № 19 ЖОМ информатика мұғалімі А. С. Серікбаев, жүлдегері - № 16 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі Н. А. Ликарь болды. 

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі