ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Біздің болашағымыз - тіл меңгеруде
03-02-2017 10:33
Біздің болашағымыз - тіл меңгеруде

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2016 - 2017 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 2017 жылғы 2 ақпан күні № 24 жалпы орта білім беру мектебінің базасында ұлты қазақ емес Павлодар қаласы мектептерінің 7 - 8 сынып оқушылары қатысқан «Әй, жарайсың!» қалалық дәстүрлі сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты - тілдерді дамыту мен қолдануға арналған облыстық бағдарламасын жүзеге асыру; қазақ тілін жетік меңгерген мектеп оқушыларының деңгейін анықтау, тілді үйренуге ынталандыру.

Сайыс 2 кезеңнен тұрады. Іріктеу кезеңіне 27 мектеп командалары қатысып, финалға 18 мектеп командасының құрамында 116 оқушы қатысты. Сайыстың ақтық кезеңі 3 тапсырмадан тұрды: Өз-өзін таныстыру ( ұнайтын, шұғылданатын кәсібі, өмірлік ұстанымы), капитандардың сайысы «Жағдаят»  капитандардың білімпаздығын, тапқырлығын, қайсарлығын анықтау. (3 сұраққа жауап береді, жауаптардың мазмұндылығы, толымдылығы, әзіл –оспақтап жауап  бергені ескеріледі), үй тапсырмасы «Өнерлінің өрісі кең» таланттар сайысы. Оқушылардың өнерге қабілеттілігін, эстетикалық сезімдерін, эмоциональды мәдениетін дамыту.

Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдеге Кенжекөл мектебінің  «Кенжекөл ұландары» командасы ие болды, І орынды № 24 ЖОМ «Талапкер» командасы, ІІ орынды №17 ЖОМ «Замандастар» командасы мен № 43 ЖОМ «Ажар» командасы бөлісті, ІІІ орынды № 16 лицей-мектебінің «Сөзге шешен ұландар» мен № 28 ЖОМ «Жас қыран», № 30 «Сұңқар» командалары иеленді.

Сонымен қатар №13 ЖОМ оқушыларына «Керемет өнерпаздар», № 21 ЖОМ - «Үміт», № 33 ЖОМ - «Көрермен көзайымы» номинациялары табысталды.

     Сайысқа қала мектептерінің көпшілігі қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік танытты. Оқушылар қазақ тілін жетік меңгергендерін көрсетіп, қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, қазақ жазушыларының, ғалымдарының, әйгілі тұлғаларының шығармашылығына  қызығушылық танытатынын дәлелдеді.