Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас музыканттардың өнер көрсетуі
06-02-2017 06:10
Жас музыканттардың өнер көрсетуі

2017 жылдың 25 қаңтар мен 1 ақпанаралығында Павлодар қаласының №2 Балалар музыка мектебінде келесі сайыстар ұйымдастырылды: ішекті аспаптар бөлімінде «Золотая лира» байқауы, үрмелі аспаптар бөлімінде «Дыхание музыки»,  қазақ халық аспаптар бөлімінде «Құрманғазы күйлері», жеке ән орындау бөлімінде «Веселые нотки».

Сайыстың мақсаты - жас жеткіншектердің шығармашылығының өнерлерін қалыптастыру.

Аталынған іс- шараларға әр түрлі жастағы 150 оқушы қатысты. Кіші топ - 5 - 8 жас, орта топ - 9 - 12 жас, жоғарғы топ - 13 - 15 жастар аралығы болды. Оқушылар қазақ, шетел және кеңес өкіметі композиторларының шығармаларын орындады. Әр түрлі аспаптағы шебер ойындар көрсетілді. Джаз және классикалық эстрада, халықтық, танымал және қазіргі замандағы музыка түрлі сипатта орындалды.

Іс-шаралар барысында мерекелік көңіл-күй мен шығармашылық шабыт орын алды. Оқушылар,ата-аналар және оқытушылар тарапынан қолдаушылар қатысты. Орта және кіші топ оқушылары тамаша өнер көрсетті. Китанов Дмитрий - Ә. Әлдинұровтың «Туған жер», Шакиров Тимур – Р. Мелодидің «Полька» және Ахмет Жандос Л. Бетховиннің «Сонатина»шығармаларын орындады.«Sax music» үрмелі аспаптар ансамблі испан тақырыбындағы шығармаларды орындады.

Ішекті аспаптар сайысында жоғары топ оқушылары Самойлова Агата мен Ратникова Надяның орындаулары ерекше көзге түсті.

Скрипкашылар ансамбіліндегі орта және кіші топ оқушылары 1 орынға ие болды. Жеке орындаушылар арасында В.А.Моцарттың «Аделаида» шығармасын орындаған үшін Самойлова Агата назарға алынды. Агата талантты және еңбекқор оқушы, фортепиано мен  скрипка аспаптарында ойнайды, қалалық, облыстық, халықаралық және республикалық байқауларына белсене қатысып отырады.

«Веселые нотки» вокалшыларыбайқаудың декадасын аяқтады. Өз өнерін көрсеткісі келген қатысушылар көп болды. Сахналық шеберлік пен майталмандық өнер көрсеткен оқушылар: Айдархан Баян,  Терлікбаева Алуа, Симчук Янина, Шоқанова Даяна, Смағұл Нағия.

Барлық қатысушылар мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Қазылар алқасы келесі оқытушыларды атап өтті: А.С. Қуанышев, О.О. Минаева, Н.В. Захарчук,  М.П. Балан, Г.Т. Мақышбаева, А.Н. Король, Н.В. Процкая, А.А. Қалтаева, М.С. Сексембаева, Р.Т. Татымбек, А.К. Апергенова, Б.А. Акатаев, концертмейстерларды В.А. Семикин, О.Н. Логвинова.