ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтардың тәжірибесі мен шеберлігі
07-02-2017 07:24
Педагогтардың тәжірибесі мен шеберлігі

Қазақстан Республикасы мәдениет және өнер қосымша білім беру мекемелері, колледж және мамандырылған мектептер оқытушылары арасында өткізілген республикалық конкурсқа Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы №1 балалар музыка мектебінің 3 педагогы қатысқан болатынКонкурсқа теориялық пәндер, фортепиано, сольфеджио бойынша электронды оқу құралдарының әдістемелік әзірлемелері ұсынылды. 

2017 жылғы ақпанда алған конкурс қорытындылары бойынша «Әдістемелік әзірлеме» аталымында фортепиано педагогы Елена Александровна Попова «Оқушының көрермендер алдында сахнада өнер көрсету сәттілігінің алғышарты» тақырыбында әзірлемесін ұсынып I-орынға,теориялық пәндер педагогы Ирина Владимировна Валеева «Сольфеджио сабақтарында танымдық қызмет дамуы үшін қолданылатын ойын жұмысының түрлері» тақырыбында II-орынға,теориялық пәндер педагогы Эльвира Геннадьевна Кощук «Қозғалыс қызметін белсендендіру - музыкалық-ритмдік қабылдауды қалыптастыру әдісі ретінде» тақырыбында III-орынға ие болды. Ирина Владимировна Валеева қазақ музыка әдебиеті бойынша «Қазақ аспап мәдениетіндегі орындаушылық дәстүр ерекшеліктері» тақырыбында қазылар төрелігіне ұсынған құралымен «Электронды оқу құралы» аталымында III-орын иегері атанды. 

Конкурс 2017 жылғы 23 - 27 қаңтарда Қазақ ұлттық өнер университетінде өткен болатын. Мақсаты-инновациялық педагогикалық, білім беру және тәрбиелеу әдістемелерін кеңінен таратупедагогикалық тәжірибе алмасусабақ беру инновациялық әдістемелерін қолдану тәжірибесі. Қазылар құрамында музыка факультетінің деканыөнертану кандидаты, доцент, профессор П.Ш. Шегебаев, «Музыкатану» кафедрасының аға оқытушысығылыми хатшы Ф.С. Баширова, университеттің «Фортепиано» кафедрасының доценті Л.В. Латышова жұмыс жасады. Конкурсқа 200-ге жуық жұмыс ұсынылды