Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру ұйымдарының бухгалтерлерін оқыту семинары
27-01-2017 08:35
Білім беру ұйымдарының бухгалтерлерін оқыту семинары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алулар ережелеріне 2017 жылғы 1 қантардан бастап өзгертулер мен толықтырулардың заңды күшіне енуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 521 және 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 683 бұйрықтарына сәйкес, Павлодар қаласы білім бөлімінің шот қызметкерлері 2-күндік «Электронды мемлекеттік сатып алулар» оқыту семинарынан өтті. Семинарды Инновациялық Еуразия университетінде Қазақстандық кәсіби «Аstana-Gold» орталығы өткізді.

Семинарда 2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алулар бойынша өзгерістер мен толықтыруларға толық шолу жасалып, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алулар» Заңының 39-бабының тармақшаларының өзгерістері туралы өзекті мәселелер зерделенді, келісім-шарттарды орындау электронды фактура-шоты және актілер келісімдеу жолымен, орындалған жұмыстар, веб-портал арқылы, қосымшалардағы өзгерістер, өзгертілген қосымшалар нысанына және жергілікті мазмұн үлесінің есебін толтыру бойынша құқықтық қолдану тәжірибесі өткізілді.

Семинарға білім беру ұйымдарының 50 бухгалтері, оның ішінде жалпы білім беретін мектептің 31 бухгалтері, 5 мектептен тыс және 14 мектепке дейінгі ұйым бухгалтері қатысты. Қортындылары бойынша 18 академиялық сағаттан өткені туралы сертификат берілді.