Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ойна, сырнай
27-01-2017 04:14
Ойна, сырнай

%d0%b4%d0%bc%d1%88

Балалар филармониясының жұмысын жалғастыра отырып, Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2017 жылғы 24 қаңтарда «Ойна, сырнай» тақырыбында дәріс-концерті өтті. Филармонияға Павлодар қаласының № 11 ЖОМ 2 және 3-сынып оқушыларықонаққа келді.

Мектеп педагогы Ирина Леонидовна Краснощекова сырнайдан баянға және аккордеонға дейінгі құрылу тарихы мен аспаптың даму тарихы туралы айтып берді. Қатысушылар шетел және орыс мектептерінің баян тартушыларының есімдерімен, музыка бағыты мен стилінің ерекшеліктерімен танысты.

Дәрісте бейне материалдар пайдаланылып, музыкалық мектептің орыс халықтары бөлімінің оқушылары мен педагогтарының көрсеткен өнерлері аса қызығушылық танытты.

Бір ауыздан жас музыкант балалар марапатталды: Андрей Зубков, Тимур Айтмағамбетов, Кирилл Перминов. Мектеп педагогы Олег Михайлович Михайленко кантри стиліндегі шығарманы орындады және біздің қонақтарымыздың сұрақтарына жауап берді.

Тыңдаушылар жас әртістер мен педагогтарды қызықты дәрістері мен жарқын концерттік нөмірлер көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.