ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тіл - достықтың құралы
26-01-2017 04:13
Тіл - достықтың құралы

2017 жылғы 24 қаңтар № 21 ЖОМ Павлодар қаласы білім беру бөлімімен бірлесіп «Тіл - достықтың құралы» атты ХІ қалалық сайысының финалы өтті. Сайыстың мақсаты - жергілікті емес ұлт өкілдерінің қазақ тілінің меңгеру деңгейін анықтау, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердегі үйірмелердің мемлекеттік тілде жұмыстары, қазақ тілін жақсы білетін қызметкерлерді қолдау.

Сайыс 2 кезеңнен тұрды. 1-ші іріктеу кезеңіне 10 қаңтарда 22 мұғалім және 8 балабақша тәрбиешісі қатысты. Ақтық мәреге 10 қатысушы өтті: 8 мектеп мұғалімі мен 2 балабақша тәрбиешісі.

Ақтық мәреде қатысушыларға 5 тапсырма берілді: таныстыру «Мен ұстазбын, бақыттымын...», Отан туралы мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштарды білуі «Жедел - аударма», «Мәнерлеп оқу», шығармашылық сайыс: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы, Универсиада, Expo 2017 тарихи оқиғаларға қатысты тапсырмалар қамтылды.

Сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлде № 21 ЖОМ орыс тілі пәнінің мұғалімі Ахметзянова Елена Романовна ие болды. Елена қазақ тілін жетік меңгерген, өлеңді нақышына келтіріп орындайды, тілді білу оған сабақта, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынаста көмектеседі. Бұл байқауда ұлты қазақ емес мұғалімдері қатысты. Сайыс тапсырмалары күрделі және мазмұнды болды.

I орынды № 41 ЖОМ - география пәнінің мұғалімі Шевченко Алена Григорьевна иеленді. Мемлекеттік тілді үйрену мектеп уақытынан басталды. Қазіргі таңда ағылшын, қазақ тілдерінің үйірмелеріне барады. Тіл білімі оған сабақ барысында тілдік терминдерді қолдануға мүмкіндік береді. II орынды - № 24 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зангиева Зухра Габибовна иеленді. Сайыста алғаш қатысып отыр, білімі мен жұмысы бойынша бұл жетістігі үшін қазақ тілі пәні мұғалімдерімен дайындықтың арқасында жетті. Мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, өзін шығармашыл тұрғыда көрсетудің арқасында III орынды № 11 ЖОМ технология пәнінің мұғалімі Ларцев Сергей Константинович ие болды.

«Шығармашылық белсенділігі үшін» - № 16 мектеп-лицейінің музыка пәнінің мұғалімі Казакова Виктория Андреевна, «Қазақ тілін үйренуге деген ынтасы үшін» - № 27 балабақша тәрбиешісі Ергашева Кристина, «Орындаушылық шеберлігі үшін» - № 79 балабақша тәрбиешісі Воробьева Светлана Витальевна номинациялармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталары және дипломымен марапатталды.