ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Болгариядан келген жүлделер
25-01-2017 08:47
Болгариядан келген жүлделер

№1 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары үш жыл қатарынан Болгарияның София қаласында өтетін «Little Zograff» (Жас суретші) халықаралық балалар шығармашылығы байқауына қатысып келеді. Бүкіл әлемнен қатысқан 6000 жас суретшілердің арасында мектептің 30 оқушылары өз жұмыстарын көрсетті.

Байқаудың нәтижелері бойынша 7 оқушы жүлделерге ие болды. Күміс медалімен «Итіммен бірге» суреті үшін 8 жасар Денщик Данилмарапатталды, жетекшісі Н. И. Шахова, «Мұз сырғанағы» суреті үшін - 11 жасар Ислямова Амина, жетекшісі С. Е. Рейн, «Желден жылдам» суреттері үшін - 13 жасар Абрамова Ангелина, жетекшісі Л. А Кузнецова. Қола медалімен «Күнбағыстар пісті» суреті үшін 4 жасар Весленева Аринамарапатталды, жетекшісі И. В. Масленникова. Дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарына «Қала бойымен ұшу» суреті үшін 6 жасар Попова Валентина, жетекшісі И. В. Масленникова, «Менің жануарларым» суреті үшін 8 жасар Барановская София, жетекшісі Н. И. Шахова, «Қысқы ойындар» суреті үшін 11 жасар Лейман Сергей, жетекшісі С. Е. Рейн, ие болды.

№ 9 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Абрамова Ангелина көркемсурет мектебінде үшінші жыл оқып келеді. Қаланың пейзаждарын, түрлі натюрморттарды кескіндеме техникасында жасауды ұнатады. 7 жасар Денщик Данил, № 28 ЖОМ 2 сынып оқушысы, байқауда жеңген жүлдесіне өте қуанды. Оған қоса, Данил каратэ бойынша турнирлерінің көп дүркін жеңімпазы. Ал байқаудың ең жас жеңімпазы Весленева Арина шығармашылықпен 4 жасынан айналысады, сонымен қатар театр студиясына да барады.

«Қатысушылардың әрқайсысын жас суретші деп есептеуге болады, өйткені олар бейнелеу арқылы өз сезімдерін, алған әсерлерін, ішкі дүниелерін және сурет салу өнерлерін көрсетеді. Ал шығармашылықтарымен алмасу арқылы әр түрлі елдерге «достық көпірлерін» салады. Өйткені олардың барлығын өнерге деген сүйіспеншілік біріктіреді», - деп, мектеп директоры Ляйля Мұқарамқызы Мағзамова өз пікірін айтты.