![Мега-фестиваль «Ақ шағала»](/media/img/blogs/1340173430.jpg)
![%d0%bc%d1%84](/media/img/blogs/1954091047.jpg)
Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығында балалар талантының парады - «Ақ шағала» мега-фестивалінің финалдық туры өтті. 14 оқушы қатысты. Финалдық турдың қорытындысы бойынша 8 лауреат сыйлық және грамоталармен марапатталды.
«Хореография» номинациясында № 19, № 18 ЖОМ оқушылары Жакенова Айжарқын, Ахмедова Амина, «Вокал» - Чубукова Валерия, «Стихотворное мастерство» - Бастрыкова Милена, «Игра на инструментах» - Сарсенбаев Руслан, «Коллекционер» - Әлімхан Ботагөз, № 38 ЖОМ оқушылары, Кутькова Екатерина № 6 ЖОМ оқушысы, «Декоративно-прикладное искусство» - Тунубаева Диана, № 38 ЖОМ оқушысы лауреат атанды.
№ 39 ЖОМ 2 сынып оқушысы Пакетов Иван «Креатив» номинациясын алды. Ол 5 жасынан машинаның әртүрлі үлгісін жинайды және олар туралы ақпарат жинайды. № 32 ЖОМ оқушысы Асылхан Бекзат, «Оригинальность» номинациясының иегері сиқыршы әліппесін үйреніп жатыр. № 22 ЖОМ оқушысы Қайролла Ерғанат «Қасиетті домбыра» номинациясының иегері. «Хореографический шедевр» номинациясын № 20 мектеп-лицейінің оқушысы Сұлтанғалиева Сабина алды. Сабина алғаш рет қатысып «Шабыт» қазақ биін ұсынды. «Алтын дауыс» номинациясы № 19 ЖОМ оқушысы Асарбаев Мейрланға берілді. Ол вокалмен 6 жасынан айналысады. № 39 ЖОМ 2 сынып оқушысы Кирющенко Ярослав, «Артистизм» номинациясының иегері, мектептің мәнерлеп оқу байқауының жеңімпазы, алғаш рет қалалық фестивалге қатысып, өз жанрында ең жақсы өнер көрсетті.
«Ақ шағала» мега-фестиваль 9 номинация бойынша 2016 жылдың маусым айынан желтоқсан айына дейін өтті: вокал, аспаптарда ойнау, әзіл-сықақ, мәнерлеп оқу шеберлігі, бір тума жанр, коллекция жинаушы, қолданбалы өнер, хореография, өру өнері. Қаланың 20 мектебінен 240 оқушы қатысты.