ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Басшының біліктілігін арттыру
20-01-2017 04:08
Басшының біліктілігін арттыру
%d1%88%d0%bc%d0%b4

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2017 жылы 17 қаңтарда Павлодар қаласының № 21 ЖОМ білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жас директорлар Мектебінің отырысын өткізді.

Мектеп директоры Т. Б. Веневитина Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру «Өрлеу» БАҰО АҚ институт филиалының облыстық шығармашылық тобымен бірлесіп жасаған жұмысының нәтижесімен бөлісіп, 4 және 8 сынып оқушыларының арасында математикалық және жаратылыстану-ғылыми бағытындағы TIMSS бойынша білім беруде халықаралық салыстырмалы зерттеу барысында Қазақстанның қатысу нәтижесі туралы сөз етті. Оқушыларды зерттеу жұмысына дайындау бойынша мектеп жұмысының тәжірибесінен ұсыныстар берілді. Ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары, облыстық сайыстың қатысушысы А. А. Қайкенова «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің функционалдық құзыреттілігін дамыту» атты жобасын ұсынды.Білім беру жүйесін жаңғыртуда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі алдыңғы қатардан орын алады, сондықтан бұл жоба өзекті болып табылады. Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш. С. Нұрахметова «Табысты басшы қандай болу керек?» тақырыбында тренинг өткізді. Табысты басшының іскерлігін бағалау критерийлері құрастырылып, «Табыс баспалдағы» талқыланды.