ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үндістандағы жеке көрме
12-01-2017 11:05
Үндістандағы жеке көрме

2016 жылы желтоқсан айында Үндістандағы Курукшетра қаласы Өнер университетінің профессоры Рам Виранжанның шақыруы бойынша Павлодар қаласы № 1 Балалар көркемсурет мектебінің оқытушысы Светлана Владимировна Кравченконың екі жеке көрмесі «Aqua Light» өтті. 2016 жылдың мамыр айында оқытушының бастамасы бойынша облыс көркем сурет мұражайында ортақ «Art Flight» үнді-қазақ көрмесі өткізілді.

Светлана Кравченко - дарынды суретші-акварелист, графикалық дизайнер, 2015 жылы қазан айында құрылған Қазақстанның халықаралық акварельдік қоғамдастығының ұйымдастырушысы және жетекшісі. Курукшетра және Рохтаг қалаларында өткізілген көрмелерінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай салынған 30 жұмыс ұсынылды. Акварель техникасында орындалған картиналарда Павлодар, Алматы қалаларының әсем пейзаждары, ұлттық және гүл натюрморттары бейнеленген. Бұл көрменің арқасында үнді әріптестеріміз бен студенттер Қазақстанның көркем табиғаты мен тұрмысымен, қазақстан халықтарының салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптармен таныс болды.

Сонымен қатар, Светлана Кравченко университеттердің студенттері мен оқытушыларына арнап шеберлік сабақтарын өткізді. Готан, Раджстан қалаларындағы халықаралық кескіндеме және мүсін бойынша өткен симпозиумына қатысып, сертификаттар мен алғыс хаттармен марапатталды. Үндістандық БАҚ өнерсүйер кауым өз шығармашылығымен бөліскен көрме авторының, педагог және суретшінің акварельдік шеберлігіне тәнті болды. Қабылдаушы жақ, автордың жұмыстарының каталогын жасап шығарды.