ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыкалық оқытудан үздік бейнесабақ
30-01-2016 09:18
Музыкалық оқытудан үздік бейнесабақ

Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде педагогтар өз оқушыларымен республикалық «Үздік бейнесабақ» интернет-конкурсына қатысуы айтулы оқиға болды. Конкурстың қорытындылары бойынша 21 қатысушыдан 16-сы жеңімпаз атанды, оның ішінде, «Музыкалық оқыту бойынша үздік бейнесабақ» номинациясында «Развитие вокально-хоровых навыков в процессе работы над произведением» сабағы үшін Ксения Владимировна Миронец бас жүлдеге ие болды, «Бастауыш сынып окушыларының нота оқу сауаттылығын арттыру жолдары» сабағы үшін Қуаныш Мейрамұлы Ермекбаев, «Жарысқа дейінгі ұжымның дайындығы. Шығарманың сахналық бейнелеудегі образын ұсыну жұмысы» Гауһар Арғынқызы Абжанова ІІІ орында, «Приемы формирования музыкальной компетенции «Знаки в тональностях» сабағы үшін Эльвира Геннадьевна Кощук конкурс сертификатын иеленді.

«Интернет-конкурсқа қатысу - жарқын және ұмытылмас сезім, одан әрі шығармашылық және кәсіби өсу үшін ынталандыру. Конкурс қатысушылары ұсынған жұмыстар келесі критерийлерден 5 балдық жүйемен бағаланды: номинацияға сәйкес келуі, оқу материалының мазмұны, таңдалған әдіс, құралдар, оқытудың нысаны сабақ мақсатына сәйкес келуі, бейне сценарийінің құрылымы және мазмұны, педагогикалық технологиялар және интерактивті әдістерді пайдалану, бағдарламалық талаптардың іске асырылу дәрежесі, аудиовизуалды технологияларды пайдалану, келешекте аталған бағдарламаны қолдану, сабақ жүргізу шеберлігі, жұмысты безендіру мәдениеті, аудиовизуалды сүйемелдеудің сапасы», - деп атап өтті Ксения Владимировна Миронец.

Конкурс ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы. Конкурс мақсаты - педагог қызметінде инновациялық үдеріс сапасын арттыру, олардың кәсіби өсуіне ықпал ету, шығармашылық әлеуетті іске асыру үшін жағдай жасау.

«Үздік бейнесабақ» конкурсы 10 номинация бойынша өтті: музыкалық оқыту, сурет, декоративті-қолданбалы шығармашылық, театр өнері, хореография сабағы, үлгілеу және дизайн, цирк өнері, кино, әскери-патриоттық тәрбие, жеке тұлғаны әлеуметтендіру.