ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп мұражайларының облыстық байқауының қорытындысы
30-12-2016 04:28
Мектеп мұражайларының облыстық байқауының қорытындысы

2016 жылдың желтоқсан айында облыс мектептері мұражайлары және мектептердің тарихы туралы бұрыштардың облыстық байқауының қорытындысы бойынша І орынды қала мектептері арасында Павлодар қаласының № 16 ЖОМ, №17 ЖОМ, ІІ орынды - Павлодар қаласының № 9 ЖОМ иеленді. Барлық жеңімпаздар облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды. Сайысқа облыс аудандары мен қалаларының 100-ден астам мамандандырылған, жалпы білім беретін мектептері қатысты.

Байқаудың мақсаты - мектеп мұражайлары қызметіне білім беру ұйымдарының назарын аудару, білім беру мекемелерінде өлкетану қызметі және мұражайлар жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибені зерделеу және тарату, белсенді өмірлік ұстанымдары мен отаншылдықты қалыптастыру.

Павлодар қаласының мектептерінде 21 мұражай, 27 тақырыптық бұрыш, оның ішінде мектеп тарихы бойынша 9 мұражай және 24 бұрыш ұйымдастырылып жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында № 43 жалпы орта мектебінде мұражай ашылды.

№ 17 ЖОМ мұражай негізі 2008 жылы қаланған. Мектеп мұражайы материалдары 2000 данадан астам. Олар үнпарақтардан алынған материалдар, марапаттар, хаттар, фотосуреттер. Мұражай материалдары «Этнография», «Өлкетану», «Белгілі түлектер», «Қазақстанның тарихы мен дәстүрлері», «Ұлы Отан соғысына қатысқан түлектер» тақырыптары бойынша орналастырылған. Майдангер, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегері, мектептің алғашқы директоры Владимир Васильевич Горемыкиннің өмірбаяны және еңбек жолдары туралы бөлек экспозиция жабдықталған.

Павел Васильев атындағы әдеби-өлкетану мұражайы 1994 жылы № 9 ЖОМ құрылған. Мұражайда мектеп тарихы, туған өлкенің ақын-жазушылары туралы 1280 астам материалдар жинақталған.Сол сияқты «Ұлы Отан соғысы», «Қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтары», «Павлодар Ертіс өңірі суретшілерінің өнер туындылары» бұрыштары, «Павлодар суретшілері», «П. Васильевтің өмірі мен шығармашылығы» фотогалереялары бар.