ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа жылдық тілектің орындалуы
29-12-2016 12:13
Жаңа жылдық тілектің орындалуы
%d1%88%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2-%d0%b0-2

«Аяз атаға хат жолда» атты жобасы аясында Павлодар қаласының № 37 ЖОМ 6 сынып оқушысы Шалабаев Ардақ өзінің тілегін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жазды. Аяз атаға жазған хатында ол Президенттен ЭКСПО - 2017 көрмесіне билет беруін сұрады. Елбасы Ардақтың арманын орындап, Астана қаласы ЭКСПО - 2017 көрмесіне 4 билет табыс етті.

Ардақ мектептегі жақсы оқитын оқушылардың бірі. Павлодар қаласы № 2 көркем өнер мектебінде оқып қана қоймай, «Достық» білім беру орталығының курстарына қатысады, қосымша «langberry» тіл мектебінде ағылшын тілін үйреніп жүр. Ағылшын тілінен «Инфосабақ» атты халықаралық олимпиадасының, «Пони» интеллектуалдық олимпиадасының қатысушысы, «Алтын асық» ІІІ облыстық олимпиадасының жүлдегері, «Алтын бөрте» халықаралық көрмесінің сертификат иегері, «Ұлы жеңіс - қазақстандықтардың жүрегі мен есінде» атты плакаттар көрме-сайысының алғыс хатымен марапатталған, «ALMATY TOMORROW» пленэр-мастер-класының сертификат иегері болып табылады.

«Аяз атаға хат жолда» жобасын 2014 жылдан бастап «Қазпошта» АҚ ұйымдастырады, кез-келген адам баланың хатын таңдап алып, оның тілегін орындай алады. Екінші жыл қатарынан мемлекет Басшысы аталған жобаға қолдау көрсетіп, жас қазақстандықтардың арманын орындауда.