Балалар ғажайыптарға сенеді
Жаңа жылдық қойылымнан кейін сүйікті өлеңдерін оқып, жасыл шыршаның айналасында әндерін орындап болғаннан соң Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарды табыстады.
Қайырымдылық акциясы И. В. Макаров және А. В. Семенованың «Антошка» ЖМ демеушілігімен өтті. 61 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтар ойыншықтар мен тәттілер түрінде 100,2 мың теңге көлемінде табысталды. «Антошка» ЖМ мектептің үнемісеріктесі болып табылады, ұйым оқушыларына тұрақты көңіл аударып, мерекелік шараларын қызықты әрі жайдарлы өткізуге ат салысады.