ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептерде робототехниканы енгізу
27-12-2016 03:12
Мектептерде робототехниканы енгізу

Павлодар қаласы 15 жалпы орта білім беру мектептерінде (№ 9, 11, 16, 19, 22, 25, 29, 33, 34, 36, 37, 39, 40, 41, 42) «Робототехника» факультативтік курстары енгізілуде.

Оқу жоспарының құрамдас бөлігі негізінде 5 - 9 сынып оқушылары арасында оқытылады, сонымен қатар, № 34 ЖОМ 3, 4 бастауыш сыныптары арасында, № 9, 16, 19, 39 - 10 сынып оқушылары арасында оқытылады. Мектептер толығымен жаңа курстар бойынша оқу бағдарламаларымен жабдықталған, сабақтар сабақ кестесі бойынша пән мұғалімдерімен жасалған күнтізбелік-тақырыптық жоспар негізінде өткізіледі.

Робототехника кабинеттерін жабдықтау үшін жергілікті қаражаттан 33,6 млн теңге бөлінді.

№ 19, 22, 25, 36, 40, 42 мектептерде робототехника кабинеттеріне жеке бөлме қарастырылған, ал қалған мектептерде робототехника кабинеттері информатика кабинетімен қосылған. № 34 ЖОМ 2 қабаттың дәлізінде сабақ үшін арнайы орын жабдықталған.

Жазғы уақыт кезінде робототехникадан курстық дайындықтан 67 информатика мұғалімі өтті. Робототехника кабинеттерінде оқушылармен сабақтарда жабдықтарды пайдалану бойынша нұсқамалық курстар өткізілді.

№ 11, 19, 34 ЖОМ оқушыларының пікірлері бойынша робототехника сабақтары тартымды үрдіс, олар сабаққа үлкен ниетпен барады, болашақта алған білімдері мен дағдыларын өз өмірлеріндегі болашақ мамандықтарын таңдауда қолданатындығына сенім артуда.

Болашақта робототехника бағыттарын дамытуға, соның ішінде факультативті курстар контингентін кеңейту, оқытудағы барлық сынып параллелдерін еңгізу, робототехникадан сайыстар, жарыстар, олимпиаларды өткізу және нәтижелерін көрсету іс-шаралары бойынша келешекке арналған жоспарлар еңгізу жоспарлануда.