ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бала асырап алған ата-аналар мектебі
21-12-2016 04:00
Бала асырап алған ата-аналар мектебі

Павлодар қаласында 77 050 бала тұрып жатыр, соның ішінде - 744 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар санатынан, солардың ішінде 282 мемлекеттік мекемелерде, 462 қамқоршылар мен қорғаншылар және патронатты тәрбиелеушілер отбасыларында тұрып жатыр.

Бала асырап алуға үміткерлерге, қамқоршыларға (қорғаншыларға) және патронатты тәрбиелеушілерге психологиялық, заңдық көмек беру, асыранды отбасында баланы асырау және тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау, бірінші кезектегі жетімдік мәселелерінің міндеттерін шешу, өмірдің қиыншылықтарына тап болған балаларды уақтылы анықтау және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық секторында Бала асырап алған ата-аналар мектебі құрылды.

Мектеп өз жұмысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығын қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік және құқықтық актілерін басшылыққа алады. Бала асырап алған ата-аналар мектебінің қызметі жүйелі (тізбектелген) кезеңдерден тұрады. 1-кезең жаңа бастап жүрген, тәжірибесі не дайындалған құжаттары жоқ тұлғаларға бағдарланған. Келесідей тараулармен ұсынылады: мотивациялық (баланы отбасына қабылдау туралы шешімін қанағаттандыру, оң (позитивті) қоғамдық пікір қалыптастыру), заңнамалық (отбасына қабылдаудың түрлі формаларымен, бала асырап алған ата-аналар құқығы мен міндеттерімен, әлеуметтік жеңілдіктермен таныстыру), әкімшілік (талап етілетін құжаттар тізімін беру, балаларды отбасына орналастыру сатысынан өтудің тәртібі мен бірізділігін түсіндіру – осы кезеңдегі жұмыс негізінде жекеленген сұхбат құру, қағаз тасығышта немесе интернет қорында ақпарат ұсыну формасында өткізіледі). 2-кезең құжаттары рәсімделген және бала іздестіру сатысында жүрген немесе жақында отбасына бала асырап алған тұлғалар үшін. Келесідей тараулармен ұсынылады: дәрігерлік кезең (денсаулық жағдайына байланысты асырап алушы ата-аналарға шек қою, балалар денсаулығының ерекшеліктері), психологиялық кезең (отбасы психологиясы, балалардың жас мөлшері психологиясы, бейімделу процессі). 3-кезең түзету-диагностикасы (бала асырап алған отбасы тұратын тұрғын үй-тұрмыстық жағайын тексеру актісіне негізделген).

2014 жылы қамқоршлық немесе қорғаншылық тағайындау және патронатты тәрбиелеу туралы шарт рәсімдеу бойынша мемлекеттік стандарт және регламент енгізілді. Осы қызметтер түрлерін енгізу мектеп жұмысының түрін сәл өзгертеді, себебі адамдар тобымен жұмысты болжамдаған, 1-кезеңнің «Заңнамалық» және «әкімшілік» тараулары, әр бір қызмет алушыны қабылдау уақытын ақты көрсетеді және 30 минуттан аспау керек, ол жеке кеңес беруді жүргізуді қажет етеді (қортындысын шығару кезеңі және жаңа деңгейге шығу (2015-2016 жылдар) мемлекеттік қызметтің тағы екі түрін енгізумен негізделді: бала асырап алушы үміткерлерді есепке тіркеу және бала асырап алушыларға бір жолғы жәрдемақы тағайындау).

Ал отбасында бала тұрып жатса, осы жұмыс кезеңі білім беру мекемелерінде Отбасына қолдау көрсету қызметі (ОҚКҚ) жұмысының шеңберінде іске асырылады, атап айтқанда: семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер арқылы. Жыл сайын білім беру мекемелері ОҚКҚ жұмысының жоспарларын, талдауын ұсынады, есептеріне буклеттерді, жұмысты жүргізу бағдарламаларын, қамқоршылар мен патронатты тәрбилеушілермен атқарылған шаралар туралы фото және бейне түсірім есептерін қоса береді. Бала асырап алуға үміткерлер үшін сабақтар білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық секторының мамандарымен айына 1 рет тақырыптық жоспар бойынша өткізіледі. Жылына екі рет қамқоршылар мен патронатты тәрбиелеушілер есеп тапсырады, онда олар қамқорлығындағы балаға деген жәрдемақыны ұстау, сабақтағы жетістіктері, денсаулық жағдайы, жетістіктері, немен айналасатындығы (әуестігі), үйірмелердегі сабақтары туралы ақпарат ұсынады. Сондай ақ жылына екі рет қамқоршылық секторымен біреудің қамқорлығында тұрып жатқан баланың тұрғын үй –тұрмыстық жағдайын тексеру актілері жинақталады.

Қалада барлығы 395 бала асырып алған отбасылар бар, оларда 462 бала тұрып жатыр. Жалпы алғанда, талдау көрсеткендей, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар қамқоршыларының 95 % туыстары болады. Бала асырап алған туыс емес отбасында 14 бала тұрып жатыр.

Соңғы үш жылда осы балалар санынан 12 бала асырап алынды. Өткен жылдармен салыстырғанда бастапқы есепке тіркелген балалар санының азайуы байқалады (2014 жылы - 123 бала, 2015 жылы -121, 2016 жылы - 96).

96 жаңа анықталған балалардың ішінде 34 жағдайда мәліметтер туыстарынан келіп түсті, кейінен олар баланы өз отбасына орналастырды, 62 жағдайда - білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінен келіп түсті. Баланы мемлекеттік мекемеге орналастырмас бұрын, оны туыстарының отбасына орналастыру мәселесі қарастырылады, егерде туыстары болмаса немесе туысы қамқоршылығына немесе қорғаншылығына алудан бас тартса кәмелетке толмаған бала мемлекеттік мекемеге жіберіледі. 62 баланың ішінде туыс емес асыранды отбасыларға 11 бала орналастырылды, қалғандары балалар үйіне жіберілді. Әрине, жетім баланың өмірін жақсы ету ол отбасына орналастыру болып табылады; сондықтан да әлеуметтік қолдау көрсету қызметтерінің жұмысындағы басты бағыты, балаларға отбасына ұқсас (теңестірілген) жағдай жасау болып табылады. Асыранды отбасылармен атқарылатын әлеуметтік жұмысы құқықтық, дәрігерлік, педагогикалық салада қажетті қызметтер көрсету арқылы мәселелерді шешуде көмек беруге бағытталған. Жетім балаға болашақта кәдімгі қауымдастық және өзге топтағы қауымдастықта тең мүмкіндіктер, құқықтар беру үшін ерекше көмек және ерекше педагогикалық тәсіл қажет. Осындай жұмыстар мектептегі отбасына қолдау көрсету қызметтерінде іске асырылады.

Әр бір бала оны жақсы көретін және қолдайтын, отбасында тәрбие алуды қалайды. Ересек адамдардың міндеті балаға жаңа отбасында бейімделуге көмектесу, қолайлы психологиялық климат жасау, оған өзінің жеке қасиеттерін, өнерін іске асыруда, керек мамандығын алуда көмек беру болып табылады.