ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Адам және табиғат
20-12-2016 08:40
Адам және табиғат

Новосибирск Инновациялық институты халықаралық «Дарынды балалар» бағдарламасын іске асыру аясында «Адам және табиғат - 2016» атты жаратылыстану бағыты бойынша жалпы Ресейлік ойын сайысын өткізілді. Берілген тапсырмалар география, биология, экология пәндері бойынша кіріктіріліп ұсынған. Қатысушылардың айтуынша, онда теориялық білімді ғана емес,аналетикалық біліктілікті талап етеді.

Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің 8 - 11 сыныптар бойынша 14 оқушы белсенді қатысып, 10 оқушы жүлделі орын алды. Ең жоғары нәтижені 93 балмен 11сынып оқушысы Шахатаева Ақмарал көрсетті. Айта кеттетін болсақ, аталмыш жетістігі кездейсоқтық емес: Ақмарал бұрын да осындай сайыстарға қатысып, жақсы нәтижелерді көрсеткен. Жас түлектің портфолиосында халықаралық және республикалық сайыстардан жинаған дипломдар мен марапаттау қағаздары аз емес. Иемденген тәжірибе оқушыға логикалық, тәжірибелік және түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Окушылардың табысты жетістігінің құпиясы жаратылыстану ғылымдарын болашақ мамандығы үшін бейінді пәндер ретінде таңдауы. Оқушыларды дайындаған биология пәні мұғалімі Ж. К. Молдабекова.