Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мерекелік концерт
15-12-2016 04:11
Мерекелік концерт

2016 жылғы 13 желтоқсанда Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елім менің - Қазақстан» атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік іс-шараға мектеп оқушылары мен педагогтары қатысты. Концерт шабыттандыратын патриоттық әндер мен шығармалардан бастау алды.

Концерт қазақ халық аспаптары оркестрінің орындаудағы Құрманғазының «Адай» күйімен, жетекшілер К. М. Ермекбаев, Н. Б. Кайшанов, Балтабек Каппасовтың орындауында жерлесіміз Мейрам Ермекбаевтың «Мақтанышым, Қазақстан» әнімен ашылды.

Мектеп педагогтары Константин Сергеевич Макаровтың (вокал), Иван Вячеславович Кузякиннің (гитара), Александр Александрович Андрющенколардың (рояль) орындауындағы «Родина моя» әні өз дәрежесінде шырқалды.

Әртістердің эмоционалды орындауы көрермендерді бей-жай қалдырмай, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концерт қалалық, облыстық және халықаралық конкурстардың лауреаты жоғары сынып оқушылары хорының «Киелі Отан» әнін орындауымен аяқталды, сөзі Ұ. Есдәулет, музыкасы Ә. Әбдінұров, жетекшісі К. В. Миронец, сүйемелдеуші Д. С. Масленникова.