ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ертіс сыңғыры - 2016
14-12-2016 11:15
Ертіс сыңғыры - 2016
p1270316

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Ертіс сыңғыры - 2016» қалалық балалар-жасөспірімдер бард әндерінің фестивалі өткізілді. «Достық» концерттік залында № 9, 14, 16, 28, 34, 35, 36, 41 ЖОМ, Ұлттық жаңғырту мектебі, орталық балалар бірлестіктерінен 150-ден астам оқушы жиналды.

Үш жас тобына жіктелген қатысушылардың орындауларын тыңдау 5 шығармашылық шеберханалар бойынша жүзеге асырылды: авторлық әні, гитарамен сүйемелдеу негізінде орындалатын әндер, дуэт, ансамбль, туристік-өлкетану әні. Кейбір қатысушылар сахнаға өз жетекшілерімен бірге шығып, олардың сүйемелдеуімен әндерін орындады. Осы жағдай қатысушыларға сенімділік туғызды, себебі көпшілігі сахнаға алғаш рет шыққан. Әділ қазылар алқасының құрамында бард фестивалдерінің ұйымдастырушы және қатысушы Анатолий Матвеевич Шахмотов (Санкт-Петербург қаласы) жұмыс атқарды.

Фестивалдің қорытындысы бойынша «Ансамбль» аталымында жүлделі орындарды № 9, № 34 ЖОМ, Ұлттық жаңғырту мектебі, № 16, № 36 ЖОМ оқушылары, орталық тәрбиеленушілері, «Дуэт» аталымында - орталық тәрбиеленушілері, № 34 ЖОМ оқушылары, «Гитарамен сүйемелдеу негізінде орындалатын әндер» аталымында - № 34 оқушылары, орталық тәрбиеленушілері, № 9 ЖОМ оқушылары, «Авторлық әні» аталымында - № 16, № 9 ЖОМ оқушылары, орталық тәрбиеленушілері, «Туристік-өлкетану әні» аталымында - № 16, № 36 ЖОМ оқушылары, орталық тәрбиеленушілері, № 34 ЖОМ оқушылары иеленді.

I дәрежелі дипломдармен 13 оқушы, II дәрежелі 11 оқушы, III дәрежелі 6 оқушы, аталымдар бойынша грамоталар және тәтті жүлделермен - 30 оқушы, жетекшілері - алғыс хаттарымен марапатталды.

«Ертіс сыңғыры» фестивалінің қатысушылар саны ұлғайып, беделі арта түсіп келеді. «Фестивалді өткізуде қолдау көрсеткен «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы, Достық Үйі және «Фест» туристік фирмасы», - деп белгіледі орталық басшысы Людмила Александровна Вольф.