ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ата-аналармен өткен мерекелік шара
14-12-2016 09:08
Ата-аналармен өткен мерекелік шара

Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай Павлодар қаласының № 45 сәбилер бақшасында ата-аналармен мереке өткізілді.

«Бір шаңырақ аясында» іс-шаралар өткізу барысында жергілікті корреспондент мерейлік мерекенің маңыздылығына байланысты ата-аналармен блиц сұрақ-жауап өткізді. Іс-шара барысында қазақстандық ұлтжандылыққа, азаматтық сезімге, тәуелсіз тұлғаны тәрбиелеуге жас ата-аналардың назарын аударды. Балалармен тәжірибелік жұмыста қолданылатын жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік жасалды. Ағылшын және қазақ тілі мұғалімдері жұмыстарында қолданылған мнемотаблицалар ата-аналарға бір-бірін құттықтауға, өз ойларын диалог құрып жеткізуге, эмоцияларын білдіруге көмектесті. Ән-күй жетекшісі тірек сызбалар арқылы мемлекеттік Ән ұранын оңай жаттау тәсілін ұсынды. Психолог «Африкадағы жауын» тренингін өткізіді.

Логопед мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған жаттығулар, демалу гимнастикасын ұйымдастырды. Іс-шара «Біз бірлікті жанұямыз» атты флешмобпен аяқталды.