ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Проба пера - 2016» облыстық конкурсының қортындысы
14-12-2016 03:19
«Проба пера - 2016» облыстық конкурсының қортындысы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Проба пера - 2016» облыстық шығармашылық конкурсына № №1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 16, 17, 19, 21, 22, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 33, 34, 36, 37, 39, 40, 41-ші Павлодар қала мектептерінен 196 жұмыс қабылданып, оның - 36 жұмысы мемлекеттік тілде, 160 - жұмысы орыс тілінде болды.

Қазылар алқасы «Поэзия» және «Проза» номинациясы бойынша 36 жеңімпазды анықтады. 7 желтоқсан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 қадам» мегафестивалінде, аталмыш конкурстың бірінші орынға ие болған жеңімпаздары марапатталды». I орынды Муканова Томирис жеңіп алды, 9 жас («Ракым» балалар орталығы), Кенже Аружан 10 жас (№ 1 ЖОМ), Сейтбек Аяжан, 14 жас, Уваисова Сания, 15 жас (№ 19 ЖОМ), Кириленко Давид, 9 жас, Безуглая Екатерина, 10 жас, ( № 9 ЖОМ), Ринат Томирис, 12 жас (№ 39 ЖОМ), Айдарханов Дархан, 16 жас («Салем» балалар орталығы)

II, III-ші орынға ие болған жеңімпаздарды марапаттау 12 желтоқсан күні болды. Жүлделі орындарға келесі мектептер ие болды: № 17 ЖОМ (2) , № 35 (1), № 7 (2), № 43 (1), № 41(1), № 4 (1), № 29 (1), № 39 (1), № 14(1).

Аталмыш сайыс 15-ші қыркүйектен 5 желтоқсан аралығында Павлодар облысы білім басқармасы мен М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өтті.