ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жасыл ғаламшар» экоквесті
13-12-2016 04:46
«Жасыл ғаламшар» экоквесті
20161211_1306561

Облыс білім беру басқармасының «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негіздері» 25 жұлдызды күндерін өткізу көлемінде 2016 жылғы 11 желтоқсан Павлодар қ. білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы негізінде «Жасыл ғаламшар» экоквесті өткізілді.

Мақсаты - экологиялық ойлауды қалыптастыру, жасыл технологиялары саласындағы танымдық белсенділігі мен табиғи мұраны сақтау мақсатында болашақ қуатының мүмкіндіктерін дамыту болды. Экоквестке 100-н астам қамтылуымен орталық балалар бірлестіктері 3 - 7 сынып оқушыларының 9 құрамасы қатысты.

Құрамаларға арналған экоквест 5 тақырыптық стансаларды өтуден құралды: «Табиғи балгерлер» - жауарлар және бөлме, тропик өсімдіктері туралы сұрақтарға жауап беру, «Қалдықтардың қайтара тіршілігі» - құрамалар ұсынылған материалдарға «қайтара тіршілікті» беру, «Қыста құстарға қамқорлық жаса» акциясы көлемінде құстарға арналған астауларды дайындау, «Денсаулық соқпағы» - денсаулық соқпағы негізінде негізгі сатылардан өту, «Біз және табиғат» - бақша, орман өсімдіктері, олардың адам өмірінде атқаратын рөлі туралы танымдық ойыны, «Менің Отаным - Қазақстан» - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған зияткерлік викторина.

Қатысушы құрамалар маршрут парағына сәйкес әрбір стансаны өткеннен кейін әріптер жинағының конвертін толықтырып отырды. Олардың негізгі міндеті - жиналған әріптерден «Жасыл ғаламшар» ойынының ұраны: «Жизнь в стиле «ЭКСПО» сөз тіркесін құру болды.

Іс-шараның музыкалық сүйемелдеуі «СЮТур» балалар аула клубының «Пилигрим» туристік балалар бірлестігінің тәрбиеленушілерімен дайындалды.

Әділ қазылар алқасының жұмысы аралығында қатысушы құрамалар ата-аналарымен бірлесе «Қыста құстарға қамқорлық жаса» акциясы көлемінде дайындаған құстарға арналған астауларды орталықтың экологиялық-ботаникалық кешенінің аумағында ілді. Экоквесттің қорытындылары бойынша барлық қатысушылар орталық грамоталарымен марапатталды.