ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылар жемқорлыққа қарсы
13-12-2016 03:39
Оқушылар жемқорлыққа қарсы

Павлодар қаласының № 36 ЖОМ Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің Департаментімен бірлескен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үздік әлеуметтік жұмыс» сайысы өткізілді. Сайыс Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне сабақталған.

Мақсаты - мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа төзімсіз қарым-қатынасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, облыста сыбайлас жемқорлық қаупінің төмендеуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қажеттілігіне қоғамның назарын тарту.

Конкурс дайындығына жетекшісі Жанат Сапашевич Салимов болып табылатын, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері, 7 - 8 сынып оқушылары қатысты.

Конкурс аясында 5 - 6 сынып оқушылары «Адал болу: оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбына суреттерді ұсынды, 7 - 8 сынып оқушылары «Мен азамат болуға міндеттімін: оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» үгіт сөз сөйлеу презентациясына қатысты. Суреттер конкурсында I орынды Есения Комарова, II орынды - Зарина Қаирбаева, III орынды - Милана Сорокопудова иеленді. Үгіт сөз сөйлеу конкурсында I орын - 8 сынып командасына, II орын - 8 сынып командасына, III орын - 8 сынып командасына берілді.

Қазылар алқасы құрамында Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі Департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Басқармасының басшысы Балгожин Ардақ Ануарбекович және мектеп педагогтары жұмыс істеді.

Конкурсттық жұмыс жеңімпаздары Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі Департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталады.