ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың 55 мерейлі қалалық пәндер олимпиадасы
12-12-2016 10:32
Оқушылардың 55 мерейлі қалалық пәндер олимпиадасы

2016 жылдың 8 - 9 желтоқсан күндері № 37 ЖОМ-да 8 - 11 сынып оқушыларының арасында 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың қалалық пәндер олимпиадасы өткізілді. Пәндер олимпиадасы дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету ғана емес, сондай ақ білімдерінің әлеуметтік дәрежесін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Қалалық пәндер олимпиадасында қаланың 41 мектебінен 717 оқушы мектепішілік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Мектепішілік олимпиадаға 11190 оқушы қатысты. Қатысушылардың арасында, түрлі олимпиадаларға қатысқандармен қатар, алғашқы рет зияттық сайыстарға қатысатын оқушылар да табылды.

Олимпиадаға ең көп қатысушылар ұсынған мектептер № 39, № 9, № 16, № 19, № 25, № 34 ЖОМ. Ең көп қатысушы ағылшын тілінен -120 оқушы, қазақ тілінен - 112 оқушы, орыс тілінен - 87 оқушы.

Олимпиада қорытындысы бойынша 269 оқушы жүлделі орындарды иеленді, оның ішінде 73 оқушы І орынды, 90 оқушы ІІ орынды, 106 оқушы ІІІ орынды иеленді. Барлығы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мадақтама қағазымен марапатталды.

Шиндов Даниил, № 34 ЖОМ 6-сынып оқушысы, информатика пәнінен 9-сынып үшін қатысқан, Катаманина Софья, «Стикс» ЖОМ 8-сынып оқушысы, ағылшын тілі пәнінен 9-сынып үшін қатысқан, Бигель Дарья, № 39 ЖОМ 7-сынып оқушысы, қазақ тілі пәнінен 9-сынып үшін қатысқан, Иванова Ангелина, № 29 ЖОМ 7-сынып оқушысы, ағылшын тілі пәнінен 9-сынып үшін қатысып, «Ең жас қатысушы » номинациясына ие болды.

«Ең сапалы дайындық» номинациясы бойынша № 9, № 16 ЖОМ марапатталды, «Ең үздік ауылдық мектеп» номинациясы бойынша - № 33 ЖОМ, «Ең сапалы ауылдық мектеп» номинациясы бойынша - № 38 ЖОМ, «Ең нәтижелі команда» номинациясы бойынша - № 39 ЖОМ.

Оқушылардың қалалық олимпиадаға қатысуы, зияттық мәдениет пен тәжірибе жинаудың тағы бір баспалдағына айналатын болды.

Қалалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімаздары, республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі, облыстық олимпиадада «қалалық олимпиадалық топ» намысын қорғайтын болады.