Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2016 жылғы 10 желтоқсанда «Достық» мәдениет үйінің концерт залында Павлодар қаласының білім беру бөлімі Павлодар қаласы педагог жұмыскерлердің кәсіподақ комитетімен бірге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік шара өткізді. Педагогтардың алдына құттықтау сөзімен қала әкімінің орынбасары А. Қ. Торсықбаев шықты.
Қаланың білім беру жүйесін дамытуға жеке үлес қосқан, 33 педагогқа түрлі деңгейдегі Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.
Аталған шарада сондай ақ жалпы орта мектептеріндегі шығармашылық ұжымдар байқауының қортындысы шығарылды. 16 шығармашылық ұжымдардың жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Мереке қонақтарының назарына шығармашылық ұжымдар, байқау жеңімпаздары өздерінің үздік музыкалық номерлерін ұсынды. Мереке барысында залда педагогикалық еңбек ардагерлері де болды, оларды Тәуелсіздіктің мерейтойымен құттықтады және сыйлықтар берді.