ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Болашағымыз - бірлікте! Бірге - мықтымыз!
12-12-2016 05:35
Болашағымыз - бірлікте! Бірге - мықтымыз!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдыз күні шеңберінде 9 желтоқсан Білім күні болып табылады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары жеткен табыстары үшін облыстық білім беру басқармасымен білім беру мекемелері 25 номинация бойынша марапатталды.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі ҰБТ нәтижелері бойынша рейтинг позициясында алдыңғы қатарда болғандықтан және түлектер білім беру гранттары бойынша жоғары оқу орындарына оқуға түсуде аса жоғары пайыз алғандары үшін «Бағындырар белес» номинациясымен марапатталды.

«Бақытты балалар мекені» номинациясы бойынша Павлодар қаласының № 10 балабақшасы марапатталды, балабақша «Өзін-өзі тану» пәні бойынша алаң болып табылады, сонымен қатар 2011 жылы облыстық «Үздік балабақша» конкурсының бас жүлде иегері атанды. Номинанттар білім беру басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Салтанатты іс - шара - «Болашағымыз - бірлікте!» жетістіктер шеруі «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдыз күні шеңберінде - Білім күні 2016 жылғы 9 желтоқсанда М. Катаев атындағы облыс оқушылар сарайында өтті.