«Педагогикалық бастамалар фестивалі» атты республикалық конкурсында «Сабақтар түрлі болса да, әр біреуінде шебердің қолы бар...» бағытында Павлодар қаласы № 28 ЖОМ-ның география мұғалімі Светлана Николаевна Барвих II орынға ие болды. «Психологиялық сандықша» бағытында Павлодар қаласы № 93 сәбилер бақшасының логопед мұғалімі Светлана Леоновна Ниязова II орынды иеленді, «Өз ісінің шебері» номинациясында Павлодар қаласы № 28 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Елена Николаевна Асютина.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дипломдары, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталды.
Павлодар облысын 11 педагогикалық қызметкер мына бағыттар бойынша қорғады: «Білім берудегі менеджмент жүйесі», «Сабақтар түрлі болса да, әр біреуінде шебердің қолы бар...», «Психологиялық сандықша».
Республикалық конкурс 2016 жылғы 7 - 8 желтоқсанда Алматы қаласындағы «Алатау» санаторлық-сауықтыру кешенінде өтті. Фестивальге Қазақстандағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беретін, мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының ұстаздары қатысты.