ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жалпы орта мектептердегі инклюзивті білім беру
07-12-2016 12:29
Жалпы орта мектептердегі инклюзивті білім беру

2016 жылғы 7 желтоқсанда Павлодарское ауылындағы Павлодар қаласының № 40 ЖОМ «Жалпы орта мектепте ерекше білімді қажет ететін (ЕБҚ) балалармен оқу-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру» (Жалпы орта мектептерде инклюзивті білім беруді дамыту) атты облыстық семинар өткізілді. Семинар мақсаты - мектеп жұмысын тәжірибесін ұсыну, инклюзивті білім берудег өзекті мәселелерді талқылау. Семинарға 60 қатысушы қатысты, солардың ішінде қала және облыс аудандарының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары, үйде оқытуға жетекшілік ететін, директор орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, логопед-мұғалімдер, дефектолог-мұғалімдер, психологтар, арнайы түзету сыныптарының пән-мұғалімдері.

Семинар негізінде «Мектеп - барлығы үшін?» инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері бойынша коучинг өткізілді. Семинар қатысушыларына ЕБҚ балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің тәжірибесі көрсетілді.

Семинардың әдістемелік бағыты негізінде Инновациялық Еуразия Университетінің психология ғылымдары кандидаты Т. М. Кравцова «ЕБҚ балалармен жұмыс жасау кезінде кәсіби деформация мен күйіп кетудің алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді және Қазақстан Республикасының логопедтер мен дефектологтар ассоцияциясының мүшесі, дефектология магистрі Б. А. Шабанова «ЕБҚ балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.

№ 40 ЖОМ барлығы 790 оқушы білім алады, 78 оқушы арнайы қажеттілікті талап ететін балалар, оның ішінде 2 оқушы үйде оқытылады.