ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңінің қорытындысы
07-12-2016 12:09
Оқушылардың ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңінің қорытындысы

Орта білім беру пәндер бойынша ғылыми жобалар республикалық сайыстың облыстық кезеңіне 8 - 11 сынып оқушылары арасында Павлодар қаласынан 22 ЖОМ-нан 58 оқушы қатысты. Олар сайыста 53 ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынды, солардың ішінде ең көп жұмыстарды № 37 ЖОМ (9 жұмыс), № 25 ЖОМ (6), № 20 лицей-мектебі (5), № 16 лицей-мектебі (4) ұсынды.

Облыстық ғылыми жобалар сайысының қорытындысы бойынша 21 жоба жүлделі орындарды иеленді. «Қалалар арасында үздік ғылыми қоғамдастық» номинациясы бойынша Павлодар қ.аласы құрама тобы лайық деп саналды.

I орын математика бойынша «Екінші жақты Стирлинг сандары» № 16 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сәлменбаев Алғыр иеленді. Ол берілген тақырыппен жұмысты екі жыл көлемінде жүргізіп, Стирлинг сандарының 11 қасиетін дәлелдеді. Жұмыста элементарлық математика шегінен шықпайтын әдістер қолданылған. Аталған зерттеу жұмысы комбиниторика есептерін шығаруда қолданбалы мәні бар.

II орынды қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау бойынша № 16 ЖОМ 8-сынып оқушысы Чайковская Алёна (Күйзеліс және мектеп), тарих бойынша № 25 ЖОМ 11-сынып оқушысы Біржанова Ләйлә, (Исламдық мектеп. Біздің кезіміздегі терроризм саяси құбылыс ретінде), биология бойынша № 25 ЖОМ 9-сынып оқушысы Кизирова Дариға, (Су қоймасы жамылғысынан буланушылықты азайту тәсілдері), № 41 ЖОМ 11-сынып оқушысы Бахтиярова Сабина (Оқушылардың физикалық дамуына тигізетін заманауи зерттеулер), әдебиет бойынша № 37 ЖОМ 10-сынып оқушысы Бақтыбай Ілияс, (Қ. Кемеңгерұлы әңгімелеріндегі теңдеулердің қолданылу ерекшеліктері), экономика бойынша № 37 ЖОМ 11-сынып оқушысы Серік Мирас (Природное и культурное наследие как туристические ресурсы), математика бойынша № 28 ЖОМ 11-сынып оқушысы Айтмагамбет Темирхан (Сұйық металлдардың тұтқырлығын есебінің математикалық модельдеуі), № 21 ЖОМ 11-сынып оқушысы Ақанғалиева Дина, (Мұнайдың төгілуін қадағалау). ІІІ орынды № № 7 (1), 11 (1), 16 (1), 20 (1), 22 (2), 24 (1), 25 (3), 33 (1), 39 (1) мектеп оқушылары иеленді.

9 -11 сынып оқушылары облыстық кезеңнің жеңімпаздары 2016 жылдың 14 желтоқсанында орта білім беру пәндері бойынша облыстық сайыстың (тестілеу) ІІ іріктеу кезеңі өтеді.

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша жобалардың тестілеу қорытындысынан алдын-ала сараптамаға жіберіледі.