ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тәлімгерлер шеберлігі
05-12-2016 12:27

Павлодар қаласы балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы Орталығында қаланың жалпы білім беру мектептерінің жас тәлімгерлері үшін «Зажечь сердца» педагогикалық шеберлік байқауының қорытындысы жасалды. Шығармашылық шеберлікте 10 аға тәлімгер жарысты. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: эссе «Тәлімгер-баланың досы» атты жеке ұстанымын эссе түрінде қорғау, жұмыс нәтижесінің көркемділігі «Шынайы жүрекпен…» портфолиосын ұсыну және «Балалар әлемі» атты ашық тіс-шара арқылы өтті. Финалға № 7, 12, 23, 35, 42, Жетекші ЖОМ 6 аға тәлімгерлері өтті.

Байқау шарты бойынша әділ қазылар кәсіби білімпаздығын және мәдени ашық орындауын, жұмыстың бастамасын ұсыну іскерлігін бағалады.

Балалармен жұмыстағы өзгешелігі және түпнұсқалығымен I орын алған Жетекші ЖОМ аға тәлімгері Күлімбаева Нұрсұлу Болатқызы байқауда ерекшеленді. Ол байқауда балалар шығармашылығын дамытуда аға тәлімгердің рөлін көрсетті, балалармен бірлесіп әртүрлі шараларды ұйымдастырды, бірден тапсырмаларды орындады.

№ 42 ЖОМ байқау қатысушысы Шалабаева Сандуғаш Балтабекқызы II орын алды. Ол балаларды қоғамдық жұмысқа баулу,балалар қозғалысы жұмысын қалай басқаруға болатынын көрсетті. Оқушылармен жеке жұмыс жолдарының түрлері мен басымдылығын іскерлікпен көрсеткен № 23 ЖОМ аға тәлімгері Закрытова Юлия Викторовна - III орын иеленді. Оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық технологияны пайдалану дағдыларын ұсынған № 12 ЖОМ Апсалямова Жанна Бағжанқызы, № 35 Айткалиева Айнагүл Талғаткызы, № 7 ЖОМ Мүсенова Дамиля Қайратқызы аға тәлімгерлері аталып өтілді. Байқаудың барлық қатысушылары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломымен естелік сыйлықтармен марапатталды.