ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Асыл мұра» облыстық жобасының аяқталуы
30-11-2016 05:00
«Асыл мұра» облыстық жобасының аяқталуы

М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған «Асыл мұра» облыстық балалар шығармашылығы жобасының финалдық кезеңі өткізілді. Аталмыш фестиваль-конкурста Павлодар қаласының №№ 14, 22, 42 мектептерінің және Успен ауданы Константиновская ЖОМ-нің командалары бақтарын сынады. Қатысушы командалар «Білгірлер бәйгесі»жарысында сайысып, Қазақстан халқының ұлттық ойындарында ептіліктерін танытып, «25 жылдан соң Менің Қазақстаным» атты турнирінде болашақ елдің тағдырын сипаттап жарысқа түсті.

Бұл сайыстың әділ қазылар құрамында Білім беру және тәрбиені дамыту инновациялық орталығының, өлкетану мұражайының мамандары, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының, Павлодар Мемлекеттік Университетінің, Инновациялық Еуразия университетінің және Оқушылар сарайының оқытушылары жоба жеңімпаздарын анықтады. Бас жүлдені Павлодар қаласының № 14 ЖОМ-нің «Жас Барыс» командасы жеңіп алды. Команда жетекшілері қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әсемгүл Нуртазина және бастауыш сынып мұғалімі Юлия Александрова. М. Әуезов атындағы № 42 ЖОМ-нің «Адал ұрпақ» командасы және математика және информатика пәнінің мұғалімі Замира Эргашоваға II орын бұйырды. Б.Момышұлы атындағы № 22 ЖОМ-нің «Қыран» командасы III орынға иеленді, жетекшісі аға тәлімгер Ақсұлу Назарова.

Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау 2016 жылы 7-ші желтоқсан күні Оқушылар сарайында «Тәуелсіздікке 25 қадам» атты гала-фестивалінде өтеді.