ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас экологтардың конференциясы
28-11-2016 06:42
Жас экологтардың конференциясы

2016 жылғы 21 - 25 қараша күндері аралығында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы негізінде «Менің Отаным - Қазақстан» XVІ аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Мақсаты - оқушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, зерттеу қызметіне қызығушылық білдіретін оқушыларды қолдау, зерттеу, туристік-өлкетану және мұражайлық қызметі арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған өлкені тәжірибелік тұрғыда танып білу, қоршаған орта, тарих және мәдениет ескерткіштерімен танысу болды.

Конференцияға Павлодар қаласының № 1, 4, 9, 11, 16, 17, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 36, 39, 40, 41, 42 ЖОМ, Жетекші ЖОМ, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Ақсу қаласы № 1 ЖОМ, Ольгинка ЖОМ, № 3 Железин ЖОМ, Ақсу қаласы жас натуралистер станциясы, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығың 120 астам 2 - 11 оқушылары қатысты.

Конференция қатысушыларының жұмыстарын әділ-қазылар алқасы бағалады. Оның құрамында К. Т. Алимова, облыстық білім беру басқармасының білім беру және тәрбие дамытудың инновациялық орталығының әдіскері, А. М. Утилова, Инновациялық Еуразиялық университетінің аға оқытушысы, А. С. Молдакимова, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, доцент С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, В.Н.Алиясова, мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, И. А. Ефимова, өлкетану бөлімінің меңгерушісі, С. М. Боровикина, экологиялық-ботаникалық кешені бөлімінің меңгерушісі, З.Е.Сарбасова, философия магистрі, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, Б. Қ. Текенова, экология бөлімінің меңгерушісі, Н. Г. Москова, оқушылар ғылыми қоғамының жетекшісі экология және туризм орталығы.

Конференция қорытындылары бойынша «Біз және экология» секциясында І орын иегері «Озеленение пришкольного участка «Мечта и реальность» баяндамасымен Илья Багров, Орталық тәрбиеленушісі, № 16 ЖОМ 6 сынып оқушысы, ІІ орын иегерлері «Тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесі және экоурнаның маңызы туралы тұрғындардың экологиялық мәдениеттілігін арттыру шаралары» баяндамасымен Қайролла Жасмин, № 25 ЖОМ 7 сынып оқушысы, «Увеличение биоразнообразия путем интродукции редких растений» баяндамасымен Орталық тәрбиеленушілері, № 9 ЖОМ 10 сынып оқушылары Кибартайте Елена, Алешина Дарья, ІІІ орын иегерлері «Создание интерактивной электронной тетради-сказки по информатике «Как Маша попала в мир информашка» с помощью современных ИКТ-технологий» баяндамасымен № 42 ЖОМ 6 сынып оқушылары Альжанова Дильназ, Кирова Арина, «Охрана птиц в условиях городской местности» баяндамасымен Орталық тәрбиеленушілері, № 16 ЖОМ 6 сынып оқушылары Гармазов Артем, Гармазов Антон, «Соблюдение питьевого режима учащимися» баяндамасымен Чаленко Милана, № 16 ЖОМ 6 сынып оқушысы.

«Зерттеу жұмысы» секциясында І орын иегері «Наблюдение и изучение повадок птицы сапсан в неволе» баяндамасымен Елимесов Ислам, Жас натуралистер стансасының тәрбиеленушісі, Ақсу қаласы №3 ЖОМ 7 сынып оқушысы, ІІ орын иегерлері «Бактерицидное действие фитонцидов» баяндамасымен № 9 ЖОМ 9 сынып оқушысы, «Электромагнитті сәулеленудің адам ағзасына әсері» баяндамасымен Жетпіс Әли, Орталық тәрбиеленушісі, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы, ІІІ орын иегерлері «Выращивание антурии антильской в Павлодарской области» баяндамасымен Шумакова Майя, № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы, «Почему грустит герань» баяндамасымен Петухова Анна, № 40 3 сынып оқушысы, «Ауылымызда өсетін арамшөп түйетікеннің адам денсаулығына орасан зор пайдасын зерттеу» баяндамасымен Балпекова Даяна, № 33 ЖОМ 8 сынып оқушысы.

«Өз өлкеңді танып біл» секциясында І орын иегері «Исследование ископаемой челюсти хоботного животного мамонтовой фауны, найденной на берегу р. Иртыш» баяндамасымен Глубоков Игорь және Иванова Виктория, №11 ЖОМ 10 сынып оқушылары, ІІ орын иегерлері «Проект монетизированного туристического шлюпочного сплава по р. Иртыш» баяндамасымен Рафальский Артем және Рузова Вера, № 11 ЖОМ 10 сынып оқушылары, «Казахские батыры Павлодарского Прииртышья» баяндамасымен Жумабекова Зарина, № 9 ЖОМ 7 сынып оқушысы, ІІІ орын иегерлері «Болашақта Коряковка тұзын өндіру желісі» баяндамасымен Альмухамбетова Аружан, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы, «Благодатный край» баяндамасымен Таипова Карина және Лобашевская Екатерина, Орталық тәрбиеленушілері, № 16 ЖОМ 8 сынып оқушылары, «Жапырақтың тозуының және тіршілік ету ұзақтылығының экологиялық алғышарттары» баяндамасымен Асқарұлы Алмат, № 22 ЖОМ 8 сынып оқушысы.

«Тарих бесігі - мұражай» І орын иегерлері «Тарих айнасы – мұражай» Уразгулова Жұлдыз, №3 Железин ЖОМ 9 сынып оқушысы, «Перо скрипит, бумага терпит» баяндамасымен Калиакпаров Галымжан, № 39 ЖОМ 6 сынып оқушысы, ІІ орын иегерлері «Аққөл-Жайылма өңірінің қожалары» Каббарова Айдана, Таласова Айша, Тлеуғабыл Жанель, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 5 сынып оқушылары, «Краеведческий музей имени Потанина» баяндамасымен Шамгунова Алина, Прахт Мария, № 29 ЖОМ 9 сынып оқушылары, ІІІ орын иегерлері «П. Васильев атындағы мектепшілік мұражайы - тарих бесігі» баяндамасымен Зарлыханов Темирлан, Овчинникова Александра, № 9 ЖОМ 8 сынып оқушылары, «Малайсары Тархан батыр, қолбасшы және мәмлегер» баяндамасымен Жеңіс Алуа, Әлібек Бекзат № 33 ЖОМ5 сынып оқушылары.

«Ғылымға бастапқы қадам» І орын иегерлері «Как вырастить мандарин?» баяндамасымен Ахмолдина Ксения, № 21 ЖОМ 5 сынып оқушысы, «Геральдика Павлодарской области» баяндамасымен Бовин Руслан, № 30 ЖОМ 3 сынып оқушысы, ІІ орын иегерлері «Древние хоботные Павлодарского Прииртышья» баяндамасымен Алиясова Алина, № 9 ЖОМ 2 сынып оқушысы, «Сиқырлы ермексаз» баяндамасымен Аканов Ансар, №3 Железин ЖОМ 3 сынып оқушысы, ІІІ орын иегерлері «Как влияют разные виды воды на жизнь живых организмов» баяндамасымен Шу Ксения, № 34 ЖОМ 2 сынып оқушысы, «Қазақ халқының ауа райы» баяндамасымен Сайлаубай Айдана, № 33 ЖОМ 6 сынып оқушысы.

Конференция жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» грамоталарымен, барлық конференция қатысушылары «Біз және экология», «Зерттеу жұмысы», «Өз өлкеңді танып біл», «Тарих бесігі - мұражай», «Ғылымға бастапқы қадам» аталымдары бойынша грамоталармен, жетекшілері - конференция жүлдегерлері мен қатысушыларының дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды.