ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады
24-11-2016 06:26
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады
img_2436

Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің балалар филармониясы білім беру мекемелерінде дәріс-концерттер өткізу бойынша өз жұмысын жалғастыруда. 2016 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде филармония қатысушылары № 43 ЖОМ 2 - 3 сынып оқушыларына «Ежелгі аңыз күйлер» дәріс-концерт өткізді.

Балалар музыканың шығу тегі туралы ғажайып әдемі қазақтың халық аңызын ұйып тыңдады. Ежелгі қазақ аңызына негізделіп, Қазақфильм студиясы 1968 және 2003 жылдары түсірген «Ақсақ құлан» екі мультипликациялық фильм қазақ халқының шығармашылыққа, жарқын музыкалық-поэтикалық суырып салма өлеңге деген тамаша мүмкіндіктері туралы қызу талқылаумен аяқталды.

«Өскелең ұрпақты музыка арқылы тәрбиелеу табиғатқа, туған өлкеге деген махаббатқа негізделген өз халқының рухани әлеміне тартуға, оның мәдениетінің шығу тегін түсінуге ықпал етуге арналған», - деп атап өтті мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская.