Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ертегілер, аңыздар, мифтер
09-11-2016 03:41
Ертегілер, аңыздар, мифтер

Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебі екі жылда бір өтетін XXII халықаралық балалар сурет сайысына оқушыларының 25 жұмысын жіберді. Сайыс Словакия елінің Мартин қаласындағы Turiec галереясында өтті.

Мектеп оқушыларының жұмыстары «Ертегілер, аңыздар, мифтер» тақырыбы бойынша акварель, гуашь, гелдік қалам, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер сияқты әртүрлі материалдармен салынған еді.

Сайыс қорытындысы бойынша Анжела Николаевна Бамбуляктың жетекшілігімен 10 жастағы Ардақ Шалабаев гуашьпен орындаған «Қаһарман» жұмысымен және Сәуле Бейбітхановна Пернебаеваның жетекшілігімен графикалық техникада орындаған жұмыстарына 9 жастағы Алина Парахомчук «Ертегі құс» суретімен, сондай-ақ 11 жастағы Адина Сембаева «Әдемі қалыңдық» жұмысымен марапатталды. Жеңімпаздардың әсерлі жұмыстарын Turiec галереясының сайтында көруге болады.