Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
V қалалық балалар шығармашылығының фестивалі «Отаным-Қазақстан»
04-11-2016 12:52
V қалалық балалар шығармашылығының фестивалі «Отаным-Қазақстан»

Павлодар қаласының № 2 Балалар музыкалық мектебінде 2016 жылдың 2-3 қараша күндерінде, Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Отаным - Қазақстан» атты балалар мен жас өспірімдер шығармашылығы V қалалық фестивалі өтті.

Фестивальге 21 жалпы орта білім беру мектептерінен 185 оқушы, денсаулығында шектеулілігі бар 6 - 16 жас аралығындағы мектептен тыс ұйым тәрбиеленушілері, шығармашылықпен айналысатын балалар мен жасөпірімдердің бос уақытын ұйымдастыру мамандары, балалар шығармашылық ұжымдарының жетекшілері қатысты.

Мақсаты-эстетикалық тәрбиені дамыту, өнерлі балаларды қолдау, өздігінен дамуына мүмкіндік жасау, мемлекеттік және қоғамдық институттарды, бұқаралық ақпарат көздерін балалардың шығармашылығын дамытуға үлес қосу.

Фестиваль музыкалық шығармашыл өнерлік, сахналық, бенелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, аралас жанр форматында өткізілді.

2 қараша күні Солоденко Андрей Петрович түс бояушылық графикасы (сурет) бойынша, Байжуманова Айман Аманжоловна қазақ би өнерінің (хореграфия) құрылуы бойынша, Захарчук Юлия Вадимовна актерлік икемділікті дамыту бойынша мастер-класс, мектеп педагогтарын музыкалық аспаптармен: синтезатормен - Редько Елизавета Андреевна, гитарамен - Жупашев Берик Оралтаевич, вокалмен - Король Анжела Николаевна, жетігенмен - Шаймардан Нургуль таныстырды.

3 қараша күні қатысушыларды дипломдармен, сыйлықтармен марапаттау және гала-концерт салтанатты рәсімі өтті. Қатысушылардың бірі де қалмай, барлығы марапатталды. «Сачок» клоунадасымен есту қабілеттері бұзылған № 1 мектеп интернатының балалары, «Неприятность эту мы переживем» атты өлеңімен № 1 музыкалық мектеп оқушысы Жұлдыз Мұратбекова өнер көрсетті. «Вперед, страна!» және «Туған жер» атты әндерімен № 24 ЖОМ «Алые паруса» тобы және № 22 ЖОМ оқушысы Айдархан Баян, «Сказки Севера» атты биімен № 40 ЖОМ оқушылары, «Что красивее всего» атты өлең шумақтарымен № 2 музыкалық мектебінің театрлық студия оқушысы Лиза Веселова, қазақша биімен № 9 ЖОМ «Шалунишки» тобы, «Казахстан - наш общий дом» атты тамаша әнімен № 36 ЖОМ «Звездочки» тобы, «Алтын дән» хореография студияның кіші тобы «Веселые хомячки» атты билерімен өнерін салды.

Фестиваль Павлодар қаласы білім беру бөлімі және музыкалық мектеппен ұйымдастырылған.