Бүгін Павлодар қаласының 43 мектебінде Қазақстан Республикасының танымал спортшыларымен таңғы жаттығу өткізілді. Жаттығуға 10000 астам 7 – 11 сынып оқушылары қатысты. № 37 жалпы орта білім беру мектебінде жаттығуды 2013 жылғы Түркиядағы әлем чемпионының күміс жүлдегері, 2015 жылы Индиядағы Азия чемпионы Қасанбаев Ерсайын және Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2015 жылы Индиядағы Азия чемпионы, Қазақстан Республикасы 2012 – 2016 жылдары чемпионатының жүлдегері Сыздықов Шыңғыс сынды спорт майталмандары жасатты. Олар мектеп оқушырларымен әртүрлі физикалық жаттығулар жасаған болатын. «Науқан туралы айтатын болсақ, біз де мектебіміздіңспорт саласындағы белсенді де шебер оқушыларымызды атап кеткіміз келеді. Олар дзюдодан 8–сынып оқушысы Қашкенов Әнуар, грек–рим күресінен 9–сынып оқушысы Нұрқаев Еламан, дзюдодан 7–сынып оқушысы Қабен Дастанның болашағынан зор үміт күтеміз, Қазақстанның мақтанышы болатындығына сенім артамыз»,– деп атап өтті мектеп директоры Ляйля Бажқызы Жүсіпова. Бүгінгі ұйымдастырылған іс–шарабілім мекелемерінде «Универсиадаға 100 күн» жобасының аясында өткізіліп отыр. Іс–шараны өткізудегі басты мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортпен шұғылдануға жағдай жасау болып табылады.