ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ертегі терапиясы әдісін пайдалану
24-10-2016 04:33

2016 жылғы 19 қазанда № 18 сәбилер бақшасында Павлодар қаласы білім беру бөлімі мектепке дейінгі мекемелер психологтарының әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Осы шараға 42 балабақшалардың психологтары қатысты.

Отырыста «Ертегітераписы - балалар және ересектермен жұмыста түзету және алдын алу әдісі» мәселесі талқыланды. Білім беру жүйесіндегі заманауи жағдай, педагогикалық үдерістің мәнділігін бағдарлауға байланысты, оны нақты баланың мәселелерін шешу тәсілдерінде ізгілендіру және дараландыруға, педагогтар мен мамандарды жаңа модельдер жасауға, дамуында, оқуында, сөйлеуінде және тәртібінде проблемалары бар, балаларға мамандырылған көмек беруде жаңа формалар мен технологияларды іздестіруге ниеттендіреді.

Отырыста мектеп жасына дейінгі баланың жеке-эиоционалдық және тәртіптік мәселелері қозғалды. № 126 сәбилер бақшасының педагог-психологі Т. П. Короховамен агрессияшыл, қобалжушылығы жоғары, ұялшақ, өзіне деген сенімі жоқ балалармен жұмыс істеу кезенде ертегітерапиясы әдісін пайдалану бойынша тәжірибесі ұсынылды.

№ 84 сәбилер бақшасының педагог-психологі Т. Е. Увличенко сабақтың құрылымын жасау бойынша практикалық ұсыныстар берді, балалардың терапиялық проблемалары бойынша ертегілер каталогі іріктеп алынды. № 18 сәбилер бақшасының психологі М. В. Осипова тренинг өткізді, өткізілген тренинг барысында педагогтар топпен ертегі ойлап шығару тәсілін үйренді. Қатысушыларға әдістемелік материалдар берілді.